Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

400 текше метр: бұл – аз су емес

06.11.2024, 16:00 215

HALYQLINE.KZ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссияда 2024-2025 жылдардың қыс-көктем айларында су тасқыны қаупін болдырмау, алдын алу шаралары қаралды. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Бірінші кезекте, өткен жылғы су тасқынының өту барысына талдау жасау назарға алынуы тиіс. Екіншіден, су тасқыны қаупі бар аймақтардың тәуекел дәрежесін нақтылау керек. Үшіншіден, жер қара, күн жылыда қам-қаракетті күшейтіп, дамбыларды бекемдеуге бел шеше кіріскен жөн, – деді Ғалымжан Бақтығалиұлы.

Қазірдің өзінде Сырдария өзеніне жоғарыдан жіберілетін судың мөлшері секундына 400 текше метрді құрап отыр. Бұл аз су емес. Қыс айында мұз ұстасқанда дария деңгейі шамадан тыс көтерілуі ықтимал. Сондықтан Қызылорда қаласының аумағы бойынша Сырдария өзенінің оң жағалауында 65 шақырым, сол жағалауында 23,5 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгетін барынша бақылауға алу қажет. Сол үшін үздіксіз кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай жіті қадағаланып отыруы тиіс.

Комиссия отырысында қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай өзен бойындағы су қауіпсіздігіне жауапты 22 мекемеге уақытпен санаспай, қала аумағындағы қорғаныс бөгеттерін күшейтуге жұмылып, қажетті шараларға атсалысуды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: