Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыныстық қатынастан ЛӘЗЗАТ алу үшін ӘЙЕЛ не жеу керек?

13.06.2021, 10:00 2372

HALYQLINE.KZ

МЫНА 10 түрлі тағамды жесеңіз, жатын бөлме ЛӘЗЗАТына бөленесіз…

Ерлі-зайыптының арасындағы төсек қатынасын «ұят» деп санауға болмайды. Әрине, жұбайлардың «міндетіне» кіретін жатын бөлмедегі жақындық кезінде ерлі-зайыпты ләззатқа бөленіп, сезімнің шыңына жете алуы тиіс. Егер олай болмаған жағдайда отбасылық, жұптық өмірдің шырқы бұзыла бермек.

Әрине, жас жұбайлар болмаса, отасқанына ондаған жылдар өткен жұбайлардың төсек қатынасына деген құштарлығы бәсеңдеп, бір-біріне деген ынтықтық жай ғана жақындық, сыйластыққа алып келетін кездер болады.

Мұны жаман демейміз, дегенмен, арадағы сезімнің қаншама ұзақ уақытқа созылғаны өзіңіз үшін жақсы. Денсаулығыңыз да сыр беріп, ерте қартаюдың алдын аласыз. Сондықтан, жатын бөлмедегі жақындықтан қашпаңыз, орайы келіп тұрса, жыныстық құштарлығыңызды бабында ұстап тұратын жеміс-жидектерді, сол секілді азық-түліктерді жиі тұтынып тұруыңызға кеңес береміз.

Ендеше, жыныстық қатынасқа деген сұранысты қанағаттандыру үшін әсіресе әйел күнделікті болмаса да жиі-жиі МЫНА өнімдерді тұтынуы керек.

ҚҰЛПЫНАЙ.

Құрамында цинк мөлшері мол болғандықтан, бұл өнімді қаншалықты жиі тұтынсаңыз, ағзаңызды жандандырып, жыныстық талабыңызды жүзеге асырып, жатын бөлмеңізде тиісінше ләззат шарабын жұтуыңызға себеп болады.

БАЛ

Балдың адам ағзасына пайдалы қасиеттерін тізбектеп жатудың қажет бола қоймас. Дегенмен, күнделікті қанттың орнына балды пайдалансаңыз, некелі төсегіңіз де бал татитын болады.

ШОКОЛАД

«Бақыт гормоны» деп аталатын серотонинді арттыратын осы азықтың түрі әйелдің жыныстық қатынасқа деген ықыласын арттыра түседі.

БАЛДЫРКӨК (Сельдерей)

Ежелден-ақ қолданыста болған осы балдыркөкті «ләззат шақыру» мақсатында пайдаланып келген. Әлі де қолданыстан түскен жоқ.

ЗӘЙТҮН немесе ЗӘЙТҮН МАЙЫ

Е дәруменіне бай осынау жемісті адам ағзасының саулығы үшін және тағы да басқа көптеген мақсаттарда қолданады. Біздің айтпағымыз, зәйтүн майын қолдану әйелдің жыныс мүшелерінің сезімталдығын арттырады.

ҚЫЗЫЛ БАЛЫҚ

Қызыл балық және оның түрлері серотонин және эстроген гормондарына бай. Одан бөлек ОМЕГА қышқылымен организмді байытады. Мұның барлығы да жыныстық саулық үшін өте қажет.

ДАРШЫН (корица)

Әртүрлі тәтті пісірмелерге қолданылатын осы даршынды жиі қолдану әйелдің жыныстық құмарлығын қалыпқа келтіретінін білесіз бе?! Жұпар иісі бар даршынды түрлі тағамдарға қосып тұтынуға да болады.

АСҚАБАҚ ДӘНІ

Асқабақ дәнін әйел де, ер-азамат та жыныстық саулықты күшейту үшін жиірек тұтынғаны абзал.

ЗІМБІР (имбирь)

Күн сайын бал қосылған шаймен бірге зімбір ұнтағын араластырып ішу әйелдің сексуалды өмірін жақсы жаққа өзгертеді.

БАДАМ (миндаль)

Мамандардың айтуынша, бадамның дәнін тағам ретінде тұтыну ғана емес, бадамның хош иісінің өзі әйелдің төсекке деген құштарлығын арттыратын көрінеді.

Дереккөз: ERNUR.KZ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: