Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төсек қатынасы: мәселе өлшемде емес

11.07.2021, 10:00 2066

HALYQLINE.KZ

Біреулер «еркектің жыныстық мүшесі неғұрлым ұзын (немесе үлкен) болса, әйелдің құмарын қандыруы дұрысырақ болады» деген ақиқаттан гөрі аңызға жақын сөздерді айтады. Сонда қалай, жыныстық мүшенің ұзындығы басты рөл ойнайтын болғаны ма?

Әрине, жоқ! Батыстың сексолог ғалымдары бірнеше мың ерлі-зайыптының арасында жүргізген зерттеулерінің қорытындысынан кейін «әйелдің төсек қатынасында ләззат шыңына жетуі үшін еркектің жыныстық мүшесінің үлкендігі ең маңызды фактор емес» дегенді айтқан.

Зерттеу аясындағы сауалнамаға қатысқан еркектер мен әйелдер төсек қатынастарына қатысты оншақты сұрақтарға жауап жерген. Нәтижесінде ғалымдар мынаған көз жеткізді:

Еркектердің басым бөлігі жыныстық мүшелерінің кішкентай болуы жыныстық қатынастың «шыңына» жетуге кедергі келтіреді немесе әйелінің алдында ұятқа қалуы мүмкін деп ойлайды.

• әрбір он еркектің үшеуі өздерінің жыныстық мүшелерінің өлшеміне риза емес. Оны үлкейтуді қалайды.

• әйелдер, негізі, еркектердің жыныстық мүшелерінің өлшеміне емес, төсек қатынасы кезіндегі аймалауларға қатты көңіл бөледі.

Әрбір он әйелдің бесеуі жұбайының жыныстық мүшесінің қаншалықты үлкен немесе кіші екендігін, яғни өлшемін білмейді. Оның себебі: әйелдер оған көңіл аудармайды.

• әйелдердің төсек қатынасында тояттауы үшін жыныстық мүше арқылы жақындасу маңызды дегенімізбен, көбіміз біле бермейтін одан да маңыздырақ нәрсе бар. Ол – жыныстық жақындасу алдындағы сүйісу мен аймаласу. Бұл жерде еркектің жыныстық мүшесі «тақырыптан тыс».

• зерттеуге қатысқан әйелдердің 70 пайызы ондай сүйісулер мен аймаласулардан кенде емес екен.

• жыныстық мүшесі тым үлкен еркектердің қойнындағы әйелдері жыныстық қатынас кезінде ауырсынулар мен жайсыздықтарды көп сезінеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: