Еркек болған соң ЕРКЕК болуы керек, ә?! Үйде де, түзде де… Тіпті, төсекте де…
Еркектердің денсаулығы тек өздерінің ғана емес, әйелдердің де назарында екендігін білетін боларсыздар?! Иә, әйелге де бойынан қай кезде де – түнде де, күндіз де күші тасып тұратын еркек керек. Сондықтан ғой, «мынаны же, ананы ішпе» дей беретіні. Ал еркектердің көбісі оны жақтырмайды. Анығында, «әй!» дей беретін әйелдер өзімен қатар еркекті де бірге ойлайды. Мәселен, тек еркектердің ас мәзірін қарайықшы. Олардың сүйіп ішетін ас-ауқатының ішінде неше түрлі зияндылары, әсіресе, еркектік күшін әлсірететіндері көп екен, деп жазады ernur.kz
Ендеше, тізім бойынша кеттік.
1-орында – сыра!
Иә, еркектер үшін ең зиянды тағам (тағам деуге де келмейді-ау, осы) – сыра екен. Оның калориясы жоғары ғана емес, құрамында фитоэстрогендер көп. Ал бұл гормон – әйелдік деп саналатын «эстроген» гормонының «жақын туысы».
Ендеше, сыраны көп ішетін еркектер әйелдер құсап толысып қана кетпейді, жәймен «әйелге» айнала бастайды екен. Құрысын, бетін әрі қылсын!
Бұл дегеніміз – еркектердің эндокриндік жүйесіне екі есе соққы деген сөз. Оны ешқайда бармай-ақ тексеріп көруге болады. Жәй ғана еркектің белін өлшеп көру керек. Егер оның бел өлшемі 94-95 см-ден аспаса, демек онда әйелдік гормондар көбеймеген. Ал аталған өлшемнен асып кетсе, оның ағзасы «әйелге» айналып бара жатыр деген сөз.
Әрине, бұл өз ретінде төсектегі күшін де сарқып, еркектік қабілетіне де нұқсанын келтірмей қоймайды.
2-орында – күшті алкоголь!
Алкогольдің бүткіл адам ағзасы үшін у екендігі белгілі. Ал еркектердің аталық жұмыртқасы үшін оны «өлім» деп атауға болады.
Еркектің қан құрамында алкоголь мөлшері көбейген сайын оның тестостероны кеми береді.
Ең қорқыныштысы – ішілген әрбір алкогольдің мыңнан бір үлесі тигізген залалдан аталық ұрықтың жасушасы қайта орнына келмейтін көрінеді.
3-орында – соя!
Сояның еркектік күшке зияны да ерекше екен. Себебі сол – құрамындағы фитоэстрогендер. Тағы да сол «әйелдік гормонның туысы».
Демек, бұл гормон еркектік тестостеронға қарама-қарсы әсер етеді деген сөз. Яғни, «еркектікке» аса қауіпті.
Бұл арада сояны жақсы көретін еркектерді аздап жұбатып қоюға болады. Сояның мөлшерін аздап қолданатын болса, анау айтқандай қауіптілігі болмайды. Дегенмен, құрамында ақуыз көп емес пе? Ал ақуыз әйелдің де, еркектің ағзасы үшін қажет-ақ. Тек мөлшерден асып кетпегені жөн.
4-орында – кофе!
Кофенің сергіткіш әсерінен басқа жағымды пікірі жоқ, әсіресе, еркектік қабілетке келгенде. Кофені жақсы көретін еркектер де денсаулығына мән бермесе қиын болмақ. Әсіресе, бүйрекүсті бездеріне зияны мол. Ал ол бездер стресс гормонын бөлуге жауапты. Осыдан-ақ стресс гормонының төмендеп кетуінен еркектердің жыныстық мүшесі зардап шегетінін түсінуге болады.
5-орында – газды сусындар!
Мұндай сусындардың құрамында қанттың құрамы өте көп болатыны белгілі. Одан бөлек, бояғыш заттары тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, денсаулыққа пайдалы түгі жоқ. Айтпақшы, газды сусынды жиі ішетін еркектердің ағзасы сусыздануға ұшырап, қан айналымы тестостеронның молекулаларын бүткіл ағзаға жеткізуі қиындайды.
6-орында – қақталған өнімдер!
Мұндағы қауіп – өнімді қақтағанда пайдаланылатын сұйықтық. Ол аталық жұмыртқаға токсиндік уытпен әсер етіп, 95% тестостерон бөліп шығаратын аталық бездерді улайды. Бұл жерде анықтаудың қажеті жоқ, онсыз да бәрі түсінікті болып тұрған жоқ па?!
Әрине, тізімді жалғастыра берсек, көп-ақ. Дегенмен, осы аталғандарың өзінен бас тартқан жағдайда еркектің бұла күші басып, ағзасы қалпына келеді. Еркектің бойында күші молайды дегенше ол өзіне де, әйеліне де жақсы.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!