Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайнымнан егіз ұл туып алдым

07.02.2021, 11:00 6624

HALYQLINE.KZ

Мен ата-енем, жолдасым төртеуміз ауылда тұрамыз. Туған қайным мен келінім қалада тұрады, үш жастан асқан баласы бар. Мен ауылда жұмыс істейтінмін, отпускаға шығып үйде жатыр едім. Қайным звандады: «қалайсыңдар, папа-мама, ағам қалай?» деп сұрады. «Шүкір, бәрі жақсы. Өздерің қалайсыңдар?» дедім, «бәрі күшті» деді. Маған «жұмыстасың ба?» деді, «жоқ, отпускаға шықтым» дедім. «Жақсы болды ғой, отпускада болсаң, біздің үйге кел, баламды бір ай қарап бер. Келініңнің жұмысы оны бір айға оқуға курсқа Астанаға жіберіп жатыр» деді. «Мен қарсы емеспін, енем не дер екен, жіберсе барамын ғой» дедім.

Кешкі аста енем «сен отпускада қайда барасың?» деп сұарды, мен «қайным қалаға шақырып жатыр» дедім, «Мен де соны айтайын деп отыр едім. Ертең қалаға барып, немеремді жақсылап қара. Немеремді осында ауылға әкел деп едім, әкесі әкелгісі келмеді, садиктен қалмасын деп» деді.

Ертесіне қалаға қайнымның үйіне келіп, келін Алматыға баратын болып, вокзалға шығарып салдық. Содан кішкентай қайнымды таңертең садикке апарып, кешке үйге әкелемін, тамағын беріп, кірін жуып, солай жүрдім. Мен бес жылдан асты, бала көтермей жүргеніме. Қайным менімен құрдас, жеңеше, кейде құрдас деп ойнайды. Қайным дастарқан үстінде бала туралы көп айтады. «Балажан екеніңді кеше байқадым. Менің баламды өзіңнің балаң сияқты қатты жақсы көреді екенсің» деді. Шамасы, байқаған-ау мені. «Әрине, бірінші Алланың қалауымен болады, түсінемін, бірақ емделмейсіңдер ме, ағамнан ба, сенен бе?» деп көп сұрақтар қоя береді. «Екеуміз эксперимент жасап көрмедік пе?» деп тырқылдап көзін қысып қойып сөйлейді қайным.

Солай бір апта зу ете өтті. Кешкісін қайным жұмыстан келді, шай-тамағын беріп, тағы тақырып бала туралы болды. Сосын «бұйырғанын көреміз де» дедім. «Жеңеше, ваннада кірлеген киімдерім тұр» деді. «Ия, қазір ыдыс жуып болғасын, жуармын» дедім. Ол сосын баласымен ойнап, баласы ұйықтап қалыпты. Мен ваннада кір жуып тұрсам, қайным ішіне кіріп келді. «Ішкиімдерің қайда?» десем, «Соны менен қашан сұрар екен деп күттім. Міне, бұтымда» деп шешіп жатқанында, сыртқа шығайын десем, қолымнан ұстап жібермейді. Анаусы қақиып тұр, «баладан ұят болады» десем, «ол ұйықтап қалды» деп көзін қысып күледі. Содан екеуміз бірге суға түсіп, «Жеңеше дейім бе, құрдас дейім бе, саған ғашықпын?» деп жібермей құшақтап алды. Әлгі «эксперимент» – жыныстық қатынасқа түстік бір жарымдай сағат. Оныкі де толып қалған екен, екі апта болған қатынасқа түспегеніне. Содан мен таңда тұрып, су ішіп тұрсам, қайным да су ішуге келген екен, тыржалаңаш жүр, мүшесі қақшиып тұрып кеткен. Қайным «тағы бір эксперимент» деп, тағы жыныстық қатынасқа түстік. «Уаһ, бір жеңілдеп қалдым ғой, бұйырса, менен көтересің ғой» деп жымиып күлді қайным.

Бір ай сол қалада болдым да, келін де Алматыдан оқуынан келді, келін маған үлкен алғыс айтып, балалы болуды бұйырсын деп базарлығын берді. Мен ауылға келіп, жұмысыма шықтым. Ауылда жүріп қайнымды қатты сағынып жүрдім. Өзімді бір түрлі сезініп, құса беретін болдым. Сосын ауылға қайным келді, «құрдас, алдындағы эксперимент не болды, нәтиже бар ма?» деп сыбырлап сұрады. «Білмедім, өзім соңғы кезде бір түрлі болып құсып жүрмін» дедім. «Қойшы, сонда менен көтерген болып тұрсың ғой. Жақсы жаңалық қой, ертең менімен қалаға барып УЗИ-ге тексеріл» деді. Ертесіне тек екеуміз қайнымның машинасымен қалаға бара жатқан кезде, жарты жолда тұрып құшақтап сүйісіп, қайным «мен сені қатты сағындым» деді. Емханаға барып, УЗИ-ге тексеріліп, шынымен де көтерген екенмін. Ауылға кетерде миыма құйып, «ауыр зат көтерме, келесі апта ағама айтамын, жақсы жаңалықты сүйінші сұраймын» деп қуанышында шек жоқ қайнымның… Мен «ағаңа айтпа» дедім қайныма, ол «жоқ, арамызда не болғанын білуі керек, қолмен істеген нәрсені мойныммен көтеремін. Көп болса бір таяқ жермін ағамнан» деді. Мен «жолдасым маған не дер екен?» деп қатты уайымдадым.

Кейін жолдасыма қайным барлығын айтып түсіндіріпті, тек қана үшеуміз ғана білеміз. Жолдасым «Е, қанымыз бір болса болды» депті. Сөйтіп кейін торсықтай егіз ұлды дүниеге әкелдім. Егіздерім красавччиктер, қайныма аумай қалыпты сап-сары. Аттарын да қайным қойды. Ата-енем қатты қуанды немерелі болғанына. Қайнымның айтатыны ғой: «құрдас жеңеше, тағы бір эксперимент жасау керек» деп көзін қысып күледі… Енді менің арманым жоқ!

ӘСИМА.

Қызылорда  облысы,

Жалағаш  ауданы

Пікірлер:
  • Саламатсыздарма кайырлы кун куттыболсын нарестелер гумыры узак болсын Атасымен Апасын куантып журсин.Неси бар екеуи агайынды каны биргой.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: