Бұрын пенетрациясыз секс, яғни прелюдия, «нағыз жыныстық қатынасқа дейінгі дайындық» ретінде қабылданатын. Алайда бүгінде көпшілік бұл көзқарасты қайта қарастыруда. Себебі жұптар тактильді жақындыққа, сүйісуге, оралды секс пен өзара мастурбацияға көбірек мән беріп, оларды толыққанды интимдік тәжірибе ретінде қабылдай бастады.
Нормаларды қайта қарау: секс дегеніміз не?
Жыныстық қарым-қатынасқа қатысты дәстүрлі түсінік – бұл ең алдымен пенис пен қынап арасындағы қатынас. Алайда қазір жынысы мен жыныстық бағытына қарамастан, көптеген жұптар жақындасудың басқа жолдарын таңдайды. ЛГБТ+ қауымдастығында «аутеркурс» деген ұғым бұрыннан бар – бұл пенетрациясыз интим: сүйісу, сезімтал жанасу, сексуалдық ойындар.
Феминизм, ЛГБТ+ және жыныстық сауаттылық қалай әсер етті?
Феминистік қозғалыс сексуалдық қанағаттанудың ер адамның оргазмына бағытталған, сызықтық процесс болуы керек деген түсінікті жоққа шығарды. Әйелдер өз қалауы, шекарасы мен тәніне иелік етуі жайлы еркін айта бастады. ЛГБТ+ қауымдастығы мен жыныстық білім беру осы үрдісті қолдай отырып, интим – бұл не болғаны емес, қалай және қандай келісіммен болғаны маңызды екенін алға тартады. Қазіргі білім беру бағдарламалары жасөспірімдер мен ересектерге өз денесін құрметтеуді, «жоқ» немесе «мен басқаша қалаймын» деп айтуға қорықпауға үйретеді.
Пенетрациясыз секс қандай тәжірибелерді қамтиды?
• Оралды секс. Бұл көбіне басты ләззат көзіне айналады, жай ғана «бастама» емес.
• Өзара мастурбация. Партнерді және өз денеңді зерттеудің тәсілі.
• Сезімтал жанасулар. Массаж, құшақтау, жеңіл денелік байланыс.
• Бірге душқа түсу немесе ванна қабылдау. Демалу мен қысымсыз жақындасу.
• Сексуалдық ойындар. Секстинг, қиялға ерік беру, ойыншықтар, қызықты сценарийлер.
Бұл тәжірибелердің нақты «аяқталуы» немесе міндетті оргазмы болмайды. Олар ләззат, сенім және тәнді сезіну жайлы.
Неліктен бұл маңызды?
«Прелюдия → пенетрация → оргазм» деген шаблоннан бас тарту – қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Жұптар бір-бірімен ашық сөйлесіп, өз қалауын айтып, шекараны құрметтеуге үйренеді. Пенетрациясыз секс кей адамдар үшін өте маңызды – мысалы, вагинизммен ауыратындар, жарақат алғандар немесе бұл тәжірибеден саналы түрде бас тартқандар үшін.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.
harpersbazaar.kz
Фото: flacon-magazine.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!