Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЛАЙФХАК «18+»: Мүшеқапты да дұрыс қолдана білу керек

17.02.2024, 7:00 1315

HALYQLINE.KZ

Оны жыныстық қатынас кезінде дұрыс қолданбаса, кемінде ЕКІ ПРОБЛЕМАҒА душар етеді. АУРУ жұқтырып алу немесе ӘКЕ боп шыға келу мүмкіндігі жоғары, деп жазады ERNUR.KZ порталы.

Соңғы кезде мүшеқапты пайдалану ең ақыры мектепке дейін жетіп, көптеген әлеуметтік желіде «хит» болды. Қызу талқыға түсіп, әркім өз пікірін білдірді. Одан қандай нәтиже шыққанын қайдам, бірақ қолданыста бар нәрсенің де дұрыс пайдалуын айтып өтпеске болмас.

Сол мүшеқаптың өзін дұрыс қолдануды біле бермейтіндердің саны едәуір екен ересектер арасында. «Оқуы жоқ» дегеніңізбен, білмейтін тұстары да жетерлік болуы мүмкін.

Ал оны мына төменнен оқып білген соң ғана көз жеткізе аласыз.

«ОҒАН» сенуге бола ма?

Жыныстық қатынасқа түскенде сақтану үшін қолданылатын мүшеқапқа 100% сенуге бола ма?

Мамандардың айтуынша, оны дұрыс қолданғанда ғана нәтиже көрсете алатын көрінеді.

Мүшеқапқа сенбейсіз бе? Дұрыс қолданбағаннан деп біліңіз

Ұшында бос орын қалдыру керек еді

Бұл бос орын жыныс мүшесінен бөлінетін сперма үшін керек. Сондай-ақ, пайдаланған соң онда қалатын ауаны шығарып тастау қажет еді. Мұндай жағдайда бөлінген сұйықтық орын таппай, өзіңізге ыңғайсыздық тудырады.

Шешіп тастауды кешіктірмеген дұрыс

Еркектердің басым бөлігінде жыныстық қатынас біткен соң эрекциясы тез әлсірейді. Мүшеқапты тез шешіп тастамаса, босап қалған «қаптан» жиналғаны «төгіліп» қалуы мүмкін.

Қолдану ережесін оқу қажет

Иә, аң-таң қалмаңыз. Мүшеқапты да қалай қолдану керектігі қаптаманың ішінде жазылып қойылады. Оның пішіні мен ерекшелігінен гөрі пайдаланатын адам алдымен қолдану ережесін оқып, танысып алу керек. Не үшін қолданылады? Қалай қолданылады? Тіпті, қолданып болған соң оны не істеу керектігіне дейін жазылған. Рас, тек ұсақ әріптермен жазылады. Бірақ ол оқымай-ақ қоюға себеп емес.

МҮШЕҚАПТЫ қалай ДҰРЫС КИЮ қажет?

* Әркім өз өлшемін біліп алуы керек.

* Сатып алмай тұрып затбелгісіне қарайды, мұқият оқиды. Ол сатып алған адамға лайық емес немесе сенімсіз, сапасыз болып шығуы да мүмкін.

* Қаптамасы жыртылған болса, пайдалануға болмайды. Оның пайдалану уақыты өтіп кеткен немесе зақымдалған болуы мүмкін.

* Мүшеқапты жыныстық қатынасқа түспей тұрып киеді.

* Қаптамасын еппен ашып, тырнақ батырмауға тырысу қажет.

– Ұшынан ұстап сығымдаса, ішінде ауа қалмайды және спермаға да орын қалады.

* Қажет болған жағдайда ішіне ылғалдандыратын сұйықтық (арнайы) тамызады.

* Ұшын сығымдай ұстап тұрып қажетті ұзындыққа дейін тартып киеді.

* Жыртылып немесе қажет жеріне дейін жетпесе, оны қолдануға болмайды. Басқасына алмастыру керек.

* Әр жыныстық қатынасқа түскенде жаңасын пайдаланады.

* Жыныстық қатынас аяқталған соң тез арада шешіп алуға тырысу керек.

* Шешкенде де ұқыпты болған жөн.

* Пайдаланылған мүшеқапты өзінің қаптамасына немесе арнайы қалташаға салып бірден қоқысқа тастайды.

Міне, болған-біткені осы ғана. Қиындығы да, оқу-тоқуы да жоқ. Бастысы – денсаулықты сақтау және қалаусыз жағадайларды болдырмау. Ертеңгі күні «нем бар еді?» деп отырғанша, шаруаны бастамай тұрып ойланып алу кез келген қателіктен сақтайды.

Десе де, төсек ләззатының рақатын бірге көретін тұрақты, сенімді әрі қалаулы жұбыңыз, некелі жарыңыз болғанға ЕШТЕҢЕ де, ЕШБІР ләззат та тең келмейді. Сондықтан, мүшеқап таңдап жүргенше, некелі жар таңдаған ЕРКЕКтің ғана бағы жанады. Жанған бағы ешқашан да сөнбек емес. Артық проблеманың не керегі бар?!

Дереккөз: lifehacker.ru

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: