Мені көптен бері бір ой мазалап жүр. Ертеңіме де алаңдаймын. Жаным қиналып, не істерімді білмей отырмын. Ішіме сыймаған соң жан сырымды halyqline.kz сайтының «Ләззат 18+» айдарына жолдап отырмын.
Жасым 30-да, өзім мұғалім болып жұмыс істеймін. Бұдан үш жыл бұрын тұрмысқа шықтым. Күйеуіммен 5 жыл қыз бен жігіт ретінде жақсы сыйласып жүріп, сүйіп қосылдым. Отағасым менен 6 жас кіші. Махаббат жасқа қарамайды деген рас екен. Бір-бірімізге бауыр басып кеттік, өліп-өшіп тұрамыз. Бірақ бізді бір мәселе қатты қинайды.
Үш жылдан бері біздің әлі баламыз жоқ. Мен бала көтеруден сақтанған жоқпын. Бірақ жүкті болмадым. Көбіне кінәні әйелден іздейді ғой. Енем де маған жақтырмай қарап жүрді. Расында, өзімді кінәлідей сезініп, біразға дейін біртүрлі болып жүрдім. Болмаған соң, күйеуіммен ашық сөйлестім.
Біраз уақыт өткеннен кейін екеуміз бірдей дәрігерге көріндік. Маған дәрігер 100 пайыз сау екенімді, бала көтеруге дайын екенімді айтқанда, қуанышымда шек болмады. Күйеуімнің денсаулығында кінәрат бар болып шықты. Ол белсіз екен, яғни шауһатының сапасы өте төмен көрінеді. Ол бала сүю үшін ұзақ емделу керек, бірақ соның өзінде бала сүйе алу, алмауы екіталай екен. Бұл жағдайды естігенде күйеуім қатты қапаланып, сұлқ түсті, тіпті 1 жылдай ішіп кетті. Кейінгі кездері менімен жыныстық қатынасқа түсуді де тым сиретіп жіберді. Мен көбіне түнімен жастықты бауырыма қысып, қыстығып жылап, таңды атырамын.
Бұл жағдайды әлі ата-анамызға да, туғандарға да айтқан жоқпыз. Мен күйеуімді сүйемін, оны жалғыз қалдырғым келмейді. Жан құрбыма айтсам, ертерек басыңды арашалап, ажырасып кет дейді. Басым қатып кетті. Жасым келген сайын бала сүюді армандаймын. Енді не істеймін?
ӘСИЯ,
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы
Көрнекі сурет
Белсіздікті емдеу:
1.Аяққа 90 күн бойы жүн шұлықпен мәсі кию
2.1ай боиы ашығу
3.Басқа жылы тақия кию
4.қалың киініп терлеу (үнемі)
5.даретпен жасалған ас ішу.
100% емделеді.