Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Анарды аймалаған түн

11.09.2020, 9:20 8737

HALYQLINE.KZ

Күздің соңғы айы. Қыстың ызғары әлден сезіле бастады. Жер бетінде әлсін-әлсін мұз түйіршіктері байқалады. Күндегі әдетіммен, малды түгел жайлап болып, жирен қасқама мініп алып, ауылға карай беттедім. Жол-жөнекей Анармен телефон арқылы сөйлесіп келе жатырмын. Айтуынша, бүгін өз үйінде емес, құрбысы Маралдікінде екен. Маралдың үйіндегілер қалаға тойға кеткен. Үйде екеуі ғана отырған көрінеді. Басында келіспеген сынай танытқанмен, соңында менің баруыма келісті. Ол кезде Анар екеуміз ауылдың Жібегі мен Төлегені едік. Екеуміз бір сыныпта оқимыз. Жасымыз 17-де.

Анар өте келбетті қыз болатын. Ауыл жігіттерінің жартысы соның артында. Бірақ сол көп жігіттің арасынан мені таңдады. Екеуміздің сөз байласканымызға 3-4 айдың жүзі болып қалған.

Ауылға жақындап қалдым. Анармен жақсылап келісіп, кездесетін жерді белгілеп алдық. Маралдың үйі ауылдан тыс жерде орналаскан. Шамамен 1-2 шақырымдай жер. Күні бойы ауыр еңбектен шаршаған соң, жаяу 1-2 шақырым жерді басып өткім келмеді. Жирен бестіні ауыл сыртына арқандап, өзім жаяу тарттым. Қазір жорыққа шығуға дайындал дегендей, ер-тоқымын да алған жоқпын. Бар ойым – жаяу жүрмеу. Солай үйге жеттім. Үйге кіріп тамақтанып, жуынып-шайынып, бар жарарымды киіп алдым. Ендігі мәселе – әкемнен рұқсат алу. Әкем тік мінезді адам болатын. Бір айтқаны орындалмаса, көресіні көретінбіз. Сұрануға қорқып жүрмін. Себебі жібермей қойса, бәрі быт-шыт болады. Не болса да тәуекел деп ешкімге тіс жармай үйден шығып, жирен қасқаға мініп алып, Маралдікіне тарттым.

Маралдың үйінен бір 100 метрдей жерге атымды арқандап, жүгенін ағытып, уәделі жерге тарттым. Келдім де хабарластым. Көп күттірмей Анар да шыға келді. Ауылды жерде ондай мүмкіндіктер көп бола бермейді. Тек 2-3 айда бір рет ғана болуы мүмкін. Күнде мектепте көрген бір басқа да, түнде оңаша кездескен бір бөлек. Көптен күткен сәт те жетті. Анадайдан көргеннен құшағыма алуға асықтым. Сол уақыт та жетті, қасыма келе сала құшақтап аймалай кеттім. Ол да сағынғанға ұқсайды. Бар ынты-шынтысымен мені құшақтап алған. Екеуміз үнсіз 10 минуттай тұрдық. Сағынышымызды әбден басып алған соң, әңгімелесуге көштік.

Түн салқын. Қылтиып жеңіл киініп шыққанмын. Енді сәл болмаса, мына суыққа шыдай алар емеспін. Жаурағаннан үйге қайтқым келеді. Бірақ махаббат деген сезім жібермей тұр.

Арада жарты сағаттай өткен соң, бізге қарай Марал келді. Ол да көркем мінезді қыз болатын. Екеуміз бұрыннан жақсы қарым-қатынаста едік. Келді де жағдай сұрасып, амандасып алдық.

– Қозыбай, неге тоңып-жаурап мұнда тұрсыңдар. Кіріңдер үйге, – деп, екеумізді жетелеп үйге алып кірді.

Іштей қуанып кеттім. Кірген бойда үшеуміз әңгімелесіп ұзақ отырдық. Бір уақытта Маралдың жігіті звандап, ол басқа бөлмеге кетті. Анар екеуміз жалғыз қалдық. Маралды сол кеткеннен ертесіне бір-ақ көрдім.

Марал кете сала Анарымды құшақтай алдым. Дірілдеп, шиедей құлпырып тұрған ерінінен айызым қанғанша сүйдім. Ерінінің дәмі әлі күнге таңдайымнан кетпейді. Ұятсыз қолдарым Анардың бүкіл мүсінін бір сипап шықты. Кеудесіне жабысқан қос анарын мыжғылап әлекпін. Анар ыңырси бастады. Ол дауыс қолдарыма одан әрі шабыт бере түсуде. Құлаққа да жағымды. Енді қос анарын жасырып тұрған емшекқапты шешу керек. Ұятсыз қолдарым оның да амалын тез таба кетті. Анарды жатқызып алып, шоқайып үстіне шығып алдым. Көкірегіне жабысқан қос анарының ұшын кезек-кезек сүйе бастадым. Ол әлі ыңырсуда. Қазір не айтсам да көнетін секілді. Тек мен тоқтап қалмауым керек. Оңаша қалғанда қандай тәртіпті қыз болсын бәрінің ұятсыз жақтары білінеді екен. Мұндайды Анардан күтпеп ем. Мені жібергісі келмейді. Енді сәл болмаса бүкіл байлығын маған тарту етпекші. Білмеймін, балалық па, мен де ол байлықты алудан бас тартқан жоқ едім.

Екеуміз де бүкіл киімнен айырылып болғанбыз. Анар көзін тарс жұмып алған. Мен үстінде жатырмын. Жалаңаш денелеріміз бір-біріне жанасқан кезде өмірдің бар рақаты сол секілді…

Кенет даладан жылқының кісінеген дауысы естілді. Киінер-киінбес далаға атып шығып, жирен қасқама жүгірдім. Барсам бір үйір жылқы менің жиренімді талап жатыр. Арашалап болмайды. Бір ғана амал – жиреннің казығын суырып жіберу. Қазықтан босанған жиреніме басқаша батылдық пайда болды. Алдында тұрған Кенжебектің көк айғырын тым-тырақай етіп қуа жөнелді.

Мен жаяу қалдым. Жирен қасқамның жүгенін құшақтап, хайләйлімге басып ауылға қарай жүріп кеттім.

ҚОЗЫБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: