Адамның организмі әр сәт сайын белгі беріп отырады. Алайда адамдар ылғи күйзелісте жүріп, күйбің тірлік кешетіндіктен оған мән бермейді. Тәннің дауысын естімей қалады.
Әр адамда үш түрлі нәзік тән бар – менталды, эмоционалды және дене бітімі. Көбіміз тек дене бітіміндегі өзгерістерге мән береміз. Бұл да маңызды. Денеміз – біздің досымыз, өзіне не керегін жақсы біледі. Оның белгісін дұрыс түсініп үйрену керек.
Әйелдің тәні дұрыс емес еркекті қалай сезінеді?
1. Әйел жалғыз қалғанда күлмейді
Жаныңда сенің адамың болмаса – оңашадағы ойларыңа күле алмайды екенсің. Әйел өзгені бақыттымын деп алдай алады. Бірақ өзіне өтірік айта алмайды. Егер жігітің ойыңа оралғанда жымиғың келмесе, онда саған жат болғаны.
2. Әйелдің өзін бағалауы тым төмен
Шын сүйген азамат әйелін тек бақытты етіп қоймайды, өзіне сенімді етеді. Егер әйел үнемі өзіне күмәндана берсе, жанындағы ері дұрыс болмай тұрғаны. Біздің тәніміз бізге жақсылық тілейді, сондықтан белгі береді. Ескертеді.
3. Ол рухани жүдейді
Егер ері әйеліне жақсы қараса, әйел өзін көңілді, бақытты сезінеді. Күш-қуаты тасып тұрады. Егер қарым-қатынаста үйлесім болмаса, онда әйел рухани жүдейді, тәні солады. Ауырып қалуы да ықтимал.
4. Әйел көзге көрініп тұрғанды көрмейді
Әйел өзінің қарым-қатынасын үнемі ойлап, саралап жүреді. Бұл белгілі. Ол өзін бәрі жақсы деп сендірмейді. Егер бәрі жақсы деп өзіне-өзі есеп бере беретін болса, тәні қашып кеткісі келеді. Тән не нәрсені де ақылдан бұрын сезеді. Дені дұрыс қарым-қатынаста әйелдің тәні жанымен үйлесімді өмір сүреді. Тәніңізді тыңдаңыз. Ол сізге не деп жатқанын түсініңіз.
Берт Хеллингер
Аударған Шынар Әбілдә
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!