Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйелдердің оргазмы: білуге тұрарлық 8 таңғаларлық факт

09.08.2025, 7:00 722

HALYQLINE.KZ

Әйел оргазмы – кейде бар, кейде жоқ… Бұл тұжырыммен көп әйел келісетіні анық. Мұндай нәзік тақырыпты сәл әзілмен бастағанымыз үшін кешірім өтінеміз. Ал енді байсалды түрде қарайтын болсақ: әйел оргазмы – адам ағзасындағы расымен де ерекше құбылыс. Бұл мақала барлығын сізге оның мәнін тереңірек түсінуге көмектеседі. Айтылған мәліметтер сіздің психикалық, физикалық және жыныстық денсаулығыңыз үшін пайдалы болуы мүмкін, деп жазады harpersbazaar.kz.

Оргазм  ауырсынуды  жеңілдетеді

Кейде әйелдер көңілі жоқ кезде жақындықтан жалтару үшін «басым ауырып тұр» дейді. Бірақ енді басқа сылтау іздеген дұрыс шығар. Себебі кей ғылыми зерттеулер әйел оргазмы шамамен 8-10 минутқа дейін әртүрлі ауырсынуды – артрит, операциядан кейінгі немесе босану кезіндегі ауырсынуды – жеңілдететінін дәлелдеген. Бұл әсер, негізінен, оргазм кезінде бөлінетін окситоцин гормонымен байланысты. Ол босаңсу мен жайлы көңіл күйге ықпал етеді.

Мүшеқап  оргазмға  жетуге  кедергі  емес

Кейбір әйелдер мүшеқаппен жыныстық қатынас кезінде оргазмға жету қиынырақ деп есептейді. Бірақ мамандар мұны жоққа шығарады: әйел оргазмының болуы мүшеқаптың қолданылуына байланысты емес. Тіпті кей жағдайда мүшеқап төсек ләззатын ұзарта түседі.

Әйелдердің оргазмға жетуі оңай емес

2018 жылғы зерттеуге сәйкес, әйелдердің 10-40%-ы оргазмға жетуде қиындық көреді. Бұған стресс, алаңдаушылық, медициналық мәселелер немесе бұрынғы психологиялық жарақаттар себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, жас ұлғайған сайын қозу мен табиғи смазка бөлінуінің қиындауы да әсер етеді. Мұндай жағдай туындаса, дәрігермен сөйлесу – өте маңызды қадам.

Жас ұлғайған сайын оргазм сапасы жақсара түседі

Көп адам жас келген сайын жыныстық өмір нашарлайды деп ойлайды. Бірақ зерттеулер керісінше нәтиже көрсетеді. Соңғы жыныстық қатынасында оргазмға жеткен әйелдердің үлесі: 18-24 жас аралығында – 61%, 30 жас шамасында – 65%, ал 40-50 жастағы әйелдер арасында – 70%. Демек, жас – жыныстық ләззаттың жауы емес.

Өзіне деген сенімділік оргазм сапасына әсер етеді

Әйелдің өзіне, денесіне, әсіресе жыныс мүшесіне деген көзқарасы – оның оргазм сапасына тікелей әсер етеді. Дәрігерлердің айтуынша, әр әйелдің жыныс мүшесі – ерекше, ешқандай «идеал» форма жоқ. Ең бастысы – денсаулықта кінә болмауы. Өз-өзіңізді қабылдаудың бір жолы — күн сайын айнаға қарап, денеңіздегі ұнайтын тұстарыңызды атап айтып отыру. Әр бөлігін танып-білу – ішкі сенімділіктің алғашқы қадамы.

Әйел оргазмы ерлерге қарағанда ұзақ уақыт алады

Көптеген әйел оргазмға ер адамдарға қарағанда ұзақ уақыттан кейін жетеді – бұл мүлдем қалыпты жағдай. Көбіне әйелдерге кем дегенде 13 минуттық жыныстық белсенділік қажет, ал кейбіреулеріне одан да көп уақыт керек.

Әйелдердің 50%-дан астамы оргазмды «симуляциялайды»

Бұл – қалыпты жағдай! Зерттеулер көрсеткендей, әйелдердің 58,8%-ы өмірінде кем дегенде бір рет оргазмды жалған көрсеткен. Себебі әртүрлі: 57,1% – серігі өзін сенімді сезінсін деп, 44,6% – жыныстық қатынасты тезірек аяқтау үшін, 37,7% – серігін ренжіткісі келмеген. Сондықтан өзіңізді кінәлі сезінудің қажеті жоқ. Бірақ шындықты да ұмытпаған абзал.

Әйел оргазмы 5 сатыдан тұрады

Әйел оргазмы мынадай бес кезеңнен тұрады: жыныстық тілек, қозу, плато, оргазм, шешілу (релаксация).

1. Жыныстық тілек – әйелдің санасында интимді ойлардың пайда болуы.

2. Қозу – дене жыныстық қатынасқа дайындала бастайды: қан жыныс органдарына жиналады, тыныс жиілейді, смазка бөлінеді.

3. Плато – қозу күшейіп, тұрақтанады. Бұл – оргазм алдындағы соңғы кезең.

4. Оргазм – ләззаттың шарықтау шегі. Әр әйел бұл сезімді әртүрлі сипаттайды. Бұл сәтте денеде діріл, бұлшықет жиырылуы сияқты белгілер болуы мүмкін.

5. Шешілу (релаксация) – дене босаңсиды, окситоцин, энкефалин, эндорфин сияқты гормондар бөлінеді. Олар тыныштық, мейірім мен серіктеске жақындық сезімін тудырады. Осылайша, стресс те жойылады!

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Shutterstock.com.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: