Әйел төсекте тоят табуы үшін еркектің аспабы мамандар айтып жүрген G аймағына (әйелдің ең сезімтал нүктесі) жетуі керек, деп жазады ERNUR.KZ
Жыныстық қатынас дегенде көз алдына тек қана қорқу, ауырсыну ғана келетін әйелдер бұл туралы күйеуіне ашып айта алмайды. Өйткені, әйел күйеуінен ешқандай ләззат ала алмайтынын айтса, арада үлкен түсінбестік туындайтыны мәлім. Көпшілік әйелдер осы жағынан қорқады.
Әйел төсекте тоят табуы үшін еркектің аспабы мамандар айтып жүрген G аймағына (әйелдің ең сезімтал нүктесі) жетуі керек.
Дұрыс, әйелдердің ойынша «жатырда бала пайда болуы үшін оргазм болуы шарт емес». Некені сақтап, күйеуімен бірге өмір сүріп келе жатқан әйелдер мынаны жақсылап ұғынып алғаны жөн.
Отбасын құрғаннан соң, ерлі-зайыптының арасында ешқандай сыр болмауы тиіс. Тіпті, төсектегі қалауын да ашып айтуға дағдылансаңыз, арада мәселе туындамайды. Күйеуім мені дұрыс түсінбей қалуы мүмкін деген ойдан аулақ болыңыз, күйеуіңіз сізді жақсы түсінеді. Өйткені, «бұл дертіңізді» күйеуіңізге айта алмасаңыз, кімге айтасыз?
Мәселен, әйел қынаптың кіреберісінен сәл жоғарырақ орналасқан шүртекейді (клитор) нәзік қимылмен үйкелісінен ләззат алатынын еріне айта алмаса да, төсек қатынасы барысында қимылымен көрсетіп бере алады.
Кейбір әйелдер оргазм болмаса, демек менде қандай да бір жыныстық аурудың бір түрі бар шығар деп күдіктенеді.
Мамандар әйелдің бұл күмән келтіруінде еш негіз жоқ деп айта алмайды. Бұлай болуы да мүмкін. Әрине, жыныстық қатынастан жеткілікті ләззат ала алмаған әйелдің барлығында осындай жағдай деуге негіз жоқ. Дегенмен, әйелдің ағзасында гуморал факторлар, яғни гормондардың өзгерісінен осындай жағдай туындауы мүмкін.
Әйел бірден толыса бастаса немесе керісінше, салмақ жоғалта бастаса, бұл қалқанша безінің дұрыс жұмыс істемеуінен немесе әйелдік гармондарға байланысты төсек ләззатын сезіне алмауыңыз мүмкін. Сонымен қатар, психикаға байланысты. Яғни, әйелдің өмірінде болған көңіл күйіне теріс әсер ететін түрлі жағдайлар да оргазм алмауға себеп бола алады.
Өзіне сенімсіздіктен, комплекстен, күйеуінің «кемсітуінен», (мысалы, семізсің, омырауың тым кішкентай, жамбасың еркектікіндей немесе аяғың маймақ т.с.с.) осының барлығы әйелге теріс әсер етеді. Көңіліне келетін мұндай сөздерді айтпас бұрын ойланыңыз, сіз мінсіз еркексіз бе?
Ойнап айтсаңыз да, ойыңыздағыны айту арқылы сүйікті жарыңыздың көңіліне өшпестей із қалдырып, оны өмір бойы жыныстық қатынасқа деген құштарлығын, талпынысын өлтіріп алуыңыз мүмкін.
Әйеліңіздің төсекте тоят таба алмауының басқа да себептері бар. Еркектің төсектегі «білімсіздігі» ғана емес, дөрекі қимылы әйелдің барынша ашылуына жол бермейді. Қорқыныш бойында қалып қойған әйел денесін жиырып, оргазмға жете алмайды. Жыныстық қатынас дегенде мұндай әйелдер тек қана қорқу мен ауырсынуды сезінеді.
Мультиоргазм
Бұл – әйелде жыныстық қатынас барысында бір емес, бірнеше мәрте қатарынан ләззатқа жетуі. Яғни, бір рет жыныстық қатынас барысында бірнеше рет ләззатқа бөлене алса, бұл жақсы деп ойламаңыз. Мұндай жағдай дұрыс емес.
«Жарқын ләззатқа» жете алмау, әлсін-әлсін әлсіз ләззатты (мультиоргазм) сезіну әйелге төсек қатынасынан толықтай рақат сезіміне бөлей алмайды. Төсек қатынасынан қанағаттанбау осындай жағдайдан соң келіп шығады.
Мультиоргазмнің болуының да өзіндік себептері болады. Оны әлбетте, дәрігерлік тексеруден өткен соң, емдеуге мүмкіндік бар.
Тағы бір мәселе, әйелде сезу мүшесі, қында G зонасы болады.
Бірінші нүкте-G зонасы қынапқа кіргеннен кейін 3-4 см аралығында орналасқан. Бұл зонаға ер адамның мүшесі кез келген позада жете бермейді. Сондықтан, қынапқа еркек мүшесі тіке кіріп-шыққанан гөрі, мейлінше осы аймаққа жақындату керек. Ер адамның мүшесінің үлкен-кішілігі бұл жерде рөл ойнамайды. Себебі, ол аймақ 3-4 см жерде орналасқан. 20-25 пайыз әйелдер бұл сезімді сезіне алғанын айтса, қалғаны бұған қалай жетудің жолдарын меңгеруі керек.
Әйелдің қынап ішіндегі жоғары жағына, қарын маңында орналасқан бұл нүктесіне аяқтары жоғары көтерілген қалыпта еркектің мүшесі жете алады.
Шүртекей мен осы G зонасына әсер етпейінше, әйел толық ләззатқа бата алмайды. Әрбір еркек өз әйелінің анатомиясын үйренуі тиіс.
Әйел – оқылмаған кітап. Сондықтан, әйеліңізге не ұнайды, не ұнамайды, оның барлығын зерттеп – білу сіздің міндетіңіз.
Сондай-ақ, әйеліңіздің эрогенді аймағын дөп басып, оған тәтті сөздеріңізді арнасаңыз, қолыңыздан келсе, кішігірім болса да сыйлық жасап, махаббатыңызды күшейтетін басқа да әрекеттеріңіз әйеліңізге майдай жағып, оны еріте түседі.
Екінші сезімтал аймақ А зонасы деп аталады
Бұл аймақ тереңіректе орналасқан. Зәр шығару маңына жақын. Бұл зона әуреті үлкендеу немесе бойынан шаһуатын тез жіберіп қоятын ерлерге ыңғайлы. Әрине, алдымен әйелді төсек қатынасына дайындап алу керек.
Үшінші нүкте – U зонасы
Бұл нүкте қынаптың кіреберісінде, зәр шығару каналының жанында орналасқан. Бұл әрине, мүшенің қысқалығына қарамайды. Әйелді ләззатқа бөлеу – сіздің қолыңызда.
А.Сарсенбаева
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!