«Көңілсізден көріксіз бала туылады». Мұның дөрекілеу айтылатын нұсқасы да ел арасында қолданылып тұрады…, дейді ERNUR.KZ
Қазақта «көңілсізден көріксіз бала туылады» мәтел бар. Түпкі негізі – әрекетін шынайы ниетпен, қалауымен жасамағанның ісі ойдағыдай шықпайды дегенге саяды. Ал тікелей мағынасында мән бар ма? Яғни, көңілсіз жыныстық қатынастан пайда болған ұрпақтың көріксіз болуы мүмкін бе?
Осы жөнінде ізденіп көргенде мынадай қызықты деректерге тап болдық.
Бала әдемі болуы үшін көтермес бұрын 3 күн жыныстық қатынасқа түспеу керек…
Баланың әдемі, сұлу да ақылды болып туылуы жөнінде тұтастай ғылым бар бар көрінеді. Ол – ежелгі гректің каллипедия деп аталатын ғылымы. Бүгінде оны биолог-ғалымдар да қолдайды.
Грек тілінен аударғанда «калли» – «әдемі, ғажап», ал «педо» – бала дегенді білдіреді.
Каллипедия заңдылығы бойынша, өмірге әдемі де бала әкелу үшін бірнеше ережесі орындалуы керек.
1-ереже – болашақ әдемі баланың ата-анасы сәби құрсаққа бітерден кемінде 3 ай бойы дендері сау, ауырмауы тиіс. Тіпті, тұмаумен де ауырмауы керек.
2-ереже – сол 3 ай ішінде барлық дәрі-дәрмектен түбегейлі бас тарту керек, сондай-ақ жаман әдеттерден де…
3-ереже – түнгі ауысымда жұмыс істеу, стрестік жағдайлар мен жүйке жұқартатын жұмыстардан да аулақ болуы тиіс. Мүмкін болса, сол 3 айда тыныққаны жөн.
4-ереже – бала көтеруді жоспарлаған түнге дейінгі 3 күнде жыныстық қатынаста болмауы қажет.
5-ереже – бала құрсаққа бітетін сәт – таңғы уақыт болуы керек.
6-ереже – бала көтеретін ең ыңғайлы мезгіл – көктем.
7-ереже – жыныстық қатынасқа түсетін жатынжайдың интерьері керемет әсер сыйлайтындай болуы тиіс. Әдемі картиналар, ашық та қанық түстер, жұпар иіс, төсектің таза әрі жұмсақ, денеге жағымды болуы жоғары рөл ойнайды.
8-ереже – каллипедия ғылымында теңіз жағасында, әлемнің ең әдемі жерлерінде бойға біткен шарананың сұлу боларына кепілдік берілетін көрінеді.
Newsli.ru келтірген мәліметтер осылай дейді. Мұндайда бүгінде жаңа үйленген жұптар «бал айын» өткізу үшін теңіз жағалауы бар экзотикалық жылы жаққа сапар шегетініне қарап «бір білгендері бар екен де…» деп қалғандайсың.
Бір-бірін шын сүйетіндердің балалары әдемі болады
Бұл да жоғарыда айтылған каллипедия ғылымының келтірген дерегі. Ертеде бала сұлу болып туылу үшін каллипедия ілімі бойынша арнайы кеңестер жинағы ұсынылған екен. Ол бойынша:
*Әйелдің бойына бала бітуі үшін жыныстық қатынаста ләззат, аса құмарлық болуы керек;
*Баланы жоспарлаған еркек пен әйелдің бір-бірін шын сүюі, бір-біріне қалаулы болуы оның сұлу болып туылуында маңызды рөл атқарады;
*Жыныстық қатынасқа түсерде айналаны да әдемілікке толтырған дұрыс;
*Жүкті болған әйелдің де жүрген жері әдемі болуы керек;
*Бастысы – денсаулықтың мықты болуы.
Былайша, жаңалық деп қарауға болмас. Мұның барлығын да, «дені сау анадан дені сау бала туылатындығын» айтып жүр медицина мамандары. Мәселенің төркіні сонда – жүйкесі тыныш, дені сау, айналасына күлімдеп қарап, өмірдің ләззатын сезіне білетіндерден дені сау бала туылады. Дені сау бала деген сол – ата-анасының мейірімін туғаннан сезініп, он екі мүшесі сау, өте жағымды ортада өскен баладан асқан «сұлу» болмайтындығы.
Беке (айва) жеген еркектен сұлу бала «пайда болады»
Интернет беттерінде осындай да қызықты деректер кездеседі. Одан өзге, баланың әдемі болуына қатысты мәліметтерді мүмкін Сіз де кездестірген боларсыз?
*Әлемнің мұсылман халқы арасында жыныстық қатынасқа түсетін күні беке жеген еркектен пайда болған шарана ерекше сұлулығымен көзге түсетін көрінеді. «Беке жемісі баланың бет-әлпеті сұлу, ал жүрегі мықты да күшті етеді» деген сенім бар.
*Үйленетін немесе көптен баланы жоспарлап жүрген болашақ әкеге шашыратқы (цикорий) қабылдауды кеңес еткен.
*Еркектің шәует сапасы жақсарып, болашақ баласы ерекше әдемі болуы үшін анар жегізіп, шырынын тұрақты ішкізген.
Айта берсе, көп. Ішінен әсері мойындалған және пайдасы расында бар дегендерін ғана теруге тура келді.
Түптеп келгенде, қазақтың «көңілсізден» «көріксіз» бала туылатыны шындық секілді. Көңілсіз адам өзінің не ішіп, не жегеніне мән бермесі анық. Өзі көңілсіз адам жұбына жыныстық қатынаста ләззат сылай алады деу де онша қисынға келе бермейді (көңілсіз адамда төсекке деген ынта бола қоюы да екіталай). Өзі көңілсіз болса, оның күйеуінің (немесе әйелі) де шаттанып жүруі тағы үйлеспейтін жайт. Көңілсіздік жайлаған тән мен жанға ауру, дерт дегендер де үйір келмей ме? Одан кейін қандай шарана жаралатынын топшылай беріңіз.
Не десе де, болашақ перзент үшін төсекке де көңілді жатып, ондағы «шаруаны» көтеріңкі көңіл күймен атқарғанға, одан өзіңіз де, жұбыңыз да естен кетпес ләззат алғанға не жетсін?! Әрі болашақ балаңыздың да сұлу да ақылды боларын бір ойлап қойып, «махаббаттан бас айналып, ес жоғалтар» сәтті жоспарлай жүргеннен ұтпаса, ешкім ұтылмайды.
Ендеше, «көңілді қимылмен» өмірге келер көрікті перзенттер көп болсын!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!