Ұлу ұстараның жүзімен еш жерін зақымдамай жылжи алады. Оның себебі, денесінен арнайы бөліп шығаратын шырышында екен.
* * *
Рио-де-Жанейро қаласында сағат 22:00-ден таңғы 5-ке дейін бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай өтуге рұқсат етіледі.
* * *
Гиннес рекордтар кітабына Қазақстанның атынан енген жер – «Хан шатыр» ойын-сауық кешені. Биіктігі 150 метрден асатын бұл ғимарат «әлемдегі ең биік шатыр құрылысы» ретінде тіркелген.
* * *
Гиперион – жер бетіндегі ең биік ағаш. Оның биіктігі – 115,6 метр, ал жасы – шамамен 800 жыл
* * *
Піл өз баласын құрсағында 22 ай көтереді. Бұл – жануарлар арасындағы рекордтық көрсеткіш.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!