«Аяғым ұзын болып көріну үшін не істеймін?», «Арық көріну үшін қалай киінген дұрыс?», «Беті домалақ қыздарға қандай ойығы бар кофта жарасады?» – қыздардың сұлулық жайлы сұрақтары ешқашан таусылмаған. Міне, кейбіріне жауап табылды.
1) Ақшыл сары туфли мен қысқа белдемше аяқтарыңызды ұзын етіп көрсетеді;
2) Жамбастың толықтығын тік пішіндегі шалбарлар мен джинсылар жасырып тұрады;
3) Егер беліңіз жіңішке, бірақ жамбасыңыз жалпақ болса, онда сізге клеш джинсы мен белге тағылған белдік жарасады;
4) Киімдегі ұсақ суреттер сырттан кішірейтіп көрсетеді, ал үлкен суреттер керісінше ірілетіп көрсетеді;
5) Ұзын көйлектер мен белдемшелер бойыңызды қысқартып көрсетеді;
6) Формасыз киімдер кез келген пішінді бұзып тұрады;
7) Басы домалақ, өкшесі біздей туфлилер аяғыңызды жіңішке етеді;
8) Ал басы үшкір туфлилер аяқтарды толықтау етіп көрсетеді;
9) Қара колготкилер (50 деннен аспайтын) аяқтарыңызды бір-екі келіге азытады, ал қара аяқкиіммен үндескенде аяқтарыңыз ұзара түспек;
10) Ашық түсті колготкилер керісінше аяқтарыңызды толығырақ әрі қысқарақ көрсетеді. Бірақ, ақ сары туфлимен ұзынырақ көрінеді;
11) Мөлдір блузка сырт көзге барлық артықшылықтарыңызды да, кемшіліктеріңізді де көрсететінін ұмытпаңыз;
12) Егер киімдерді үйлестіре алу қасиетіңіз болмаса, классикалық стильдерге жүгініңіз;
13) Үш түс ережесі: бейнеңізде үштен артық жасаушы пайдаланбаңыз, әйтпегенде елдің күлкісіне қалуыңыз мүмкін;
14) Шаш үлгіңіз гардеробыңыздағы киімдермен үйлесуі керек;
15) Егер бірнеше иіс су пайдалансаңыз, иіс суды киіміңізге сеппеңіз. Иіс бір ай бойы сақталуы мүмкін;
16) Бет пішіні домалақ қыздарға V түріндегі ойықтар келеді, ал домалақ ойық сопақ бетті қыздарға жарасады;
17) Бір ғана стильдегі киімге құмар болмаңыз, әйтпесе бейнеңіз уақыт өте келе қызықсыз болып қалады;
18) Ботфорты аяқтарды қысқартып көрсетеді; 19) Футляр пішінді көйлек арық қыздарға да, толық пішінді қыздарға да жарасады. Бірақ жіңішке белді және биязы жамбасты қыздардың үстінде тіпті керемет көрінеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!