HALYQLINE.KZ Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» жолдауынан үзінді:
«Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырағының өзі – алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе? Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, айдын көлдерімізді, ұлан ғайып даламызды ластап жатқанда – өз азаматтарымыз!»
Осы орайда айтайын дегенім, қаланың солтүстігін орап өтетін Қызылжарма каналының тазалығы.
Осы каналға қала жақ бетінен келіп тірелетін көше тұрғындары тұрмыс қоқыстарын әкеп тастауды доғармай отыр. «Ағын суды ластама», «құдыққа түкірме» деген қазақы тыйым жадымыздан өшті дегенге сенгің келмейді. Алайда көз көрген соң үнсіз қалуда мүмкін емес. Алдағы жаз айларында барлық мектеп оқушыларын демалыс орындарына жіберу мүмкін емес. Осы қоқысы бетіне қалқыған каналдың бойында жасөспірімдер қармақ салып әуестенеді. Қай жылы қайтыс болған қарияның жаназасына Қарақалпақтан келген туысы қала кейіпіне кереғар мұндай настыққа реніш-өкпесін жасырмай, «жағалауда қоқыс арасынан әр жерде қылтиған балық көз, қаз оты, жалбыз, иманжапырақ сынды т.б. өсімдіктер өздерінен жәрдем күткендей» деген еді. Ал байырғы тұрғындар ше? «Біз көрмейміз!».
Тазалық қызметкерлері тазалайды деген ойдан тазаратын кез емес пе? Аяқ су енді ғана таңдайымызға татыған таза ауызсудың қорғаны екенін естен шығарсақ короновируспен алысып жатқанымызда баяғы қышыма, дизентерия, сары ауру өршіп кетпей ме? Осы аймағымыздың күн сайын абаттанып жатқан қаламызлың көркіне сай бой түзеуге қала әкімшілігі тарапынан қатаң талаптар керек-ақ.
Сәрсенкүл ЖҰМАБАЕВА,
зейнеткер
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!