Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайғылы статистика

10.11.2025, 10:15 137

HALYQLINE.KZ

Соңғы жылдары Қазақстанда жол-көлік апаты адам шошырлық жоғары болып тұр.

2024 жылы жол-көлік оқиғасынан 2 мың 582 адам көз жұмған.

2025 жылдың 9 айында 1700 адам қаза тапқан. Бұл өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 21 пайызға көп.

Бұл деген сұмдық қой! Орташа есепен жылына жол-көлік апатынан 2000 адам қаза табады екен. Сонда соңғы 30 жылда 60 000 адам өлді деген сөз.

Бұл деген орташа қаланың немесе бір үлкен ауданның халқы ғой.

Соңғы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың 23 қазанында Ақтөбе облысының Хромтау ауданында үлкен (фото) жүк көлігі (фура) «ГАЗельге» соғып, 12 адам тілге келместен кетті. Сол қайғылы апатқа байланысты жазылған өлеңді жариялап отырмын.

Адам  жұтқан  тар  асфальттар

Суық хабар жетіп туған өлкеден,

Селт еткізді су құйғандай желкеден.

Тар асфальтта соқтығысып көліктер,

Он екі адам қаза тапты ертемен.

Қайғырып, көңіл айтам қаралы елге,

Бізді бағып өсірген туған жерге.

Қайғы жұтып, зар жылаған ағайынға,

Қара өлеңмен басу айтып болам бірге.

Талай адам жазым боп жол апаттан,

Небір арман, небір мақсат қаза тапқан.

Ата-ана, бауырлары аман жетпей,

Қанша қазақ қайғы жұтты тар асфальттан.

Кең дүниені тарылтып тар асфальттар,

Зымырап үстінде оның көлік қаптар.

Бірі жетіп межеге, бірі қалып,

Бірі соғып біріне, бірі таптар.

Кім жауапты асфальттың тарлығына,

Шұрық-тесік жолдардың барлығына.

Қырып жеп, жымқырып жеп, дұрыс салмай,

Халықтың көз жасына қалды мына.

Өлең авторын білмедім. Маған Астанадағы Серік құрдасым ватсаппен жіберді.

Осы 2025 жылдың қараша айының 3-інде жол-көлік оқиғасынан үш спортшы жігіт қаза тапты.

Бақытжан  АБДУЛ-ТҮМЕНБАЙ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: