Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлер ұрылармен астыртын байланысып жүр ме?

05.08.2020, 11:30 1416

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласының тұрғыны Баян Ерубаевадан редакциямызға хат келді. Хат мазмұнында саяжайдағы үйінің заттарын ұрылар үптеп кеткендігі және сол істі ашуға тиіс полицейлердің жұмысқа салғырт қарайтындығы айтылған. Біз қала тұрғынының хатын сөзбе-сөз жариялағанды жөн көрдік.

«Қыстыгүні үйді кілттеп, көршілерге тапсырып, уақытша қаладағы туысымның үйінде тұратын едім. Осы жылдың 11-25 қаңтар аралығында «Ягодка» саяжайындағы үйіме ұры түсті. Дүние-мүлкімді түгелдей машинаға тиеп, тонап кеткен.

Үйге келгенде, өз көзіме өзім сенбедім. Пайдаланылмаған газ плитасы, қымбат маркалы тоңазытқыш, жап-жаңа ыдыс-аяқтарды сыпырып әкеткен. Дереу Азамат деген учаскелік полицияны шақыртып, үйді көрсеттім. Олар бөлемдегі саусақ іздерін суретке түсіріп алды.

Мен қалалық ішкі істер бөліміне барып, арыз жаздым. Оны Біржан Әділов деген тергеуші қабылдап алды. Бірақ одан кейін 2 ай хабарсыз кетті. Хабарлассаң, кейде телефонын көтереді, кейде көтермейді. Жоғалған заттарым әлі табылған жоқ. Полицейлер «тәуекел, табылар» дейді де қояды. Сонда ішкі істер саласының қызметкерлері «тәуекел» деп жүре бере ме?

Тағы бір түсінбегенім, саяжайды сеніп тапсырған Азамат деген учаскелік полицейдің орнына жаңадан Асхат Асанов деген қызметкер тағайындалыпты. Меніңше, олар ұрлықты іздемейді. Алақандай «Ягодка» саяжайына кімдердің келіп, кімдердің кетіп жүргенін білмейді емес, жобалап біледі.

Сонда ұрланған затымды іздеуге тамыр-таныс керек пе? Әлде мен сыйақы беріп іздетуім керек пе? Негізінде ұрлықты тексеретін топ түк те жұмыс істей алмайды. Әлде олар ұрылармен астыртын байланысып жүр ме?» делінген қала тұрғыны жолдаған хатта.

(Хат авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: