Halyqline.kz сайтының «Жанайқай» айдарына Қызылорда қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы №7А тұрғын үйінің тұрғындары өз мәселесін жолдапты. Мәселе былай болғанға ұқсайды. Сол маңдағы «Космед» комплексінің нысаны жылу құбырын аталған тұрғын үйдің өжіресінен тікелей тартып алған. Негізі, тұрғындар сыртқы жақтан жылу тартуға рұқсат берген көрінеді. Пәтер тұрғындарының бірі түсірген видеода да біршама мәлімет айтылады.
– Міне, №7А-ның (Қызылорда қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы – ред.) тұрғындары наразылық білдіріп жатыр. Біздің үйдің астынан комплекс «Космед» деген шипажайы (жылу құбырын – ред.) орнатып алған, Бөкейханов 85 көшесінде. Бұл кісінің бастығы Муятова Саламат (Муятов Бахыт – ред.) деген кісі екен. Мынау – подъездің асты. Сол кісілер осындай труба жүргізген. Оны дәл қазір ешкім білмейді. Бастығы «біз білмейміз, бізге жылу жүргізіп берсін деген» бірақ, ЖК-ның, осы подвалдың астынан жүргізген. Мен сіздерге қазір трубаны сыртта қалай жүргізгенін толық көрсетіп беремін», – дейді видеода.
Клиниканың егесі тұрғындарға осы жылуды қосу үшін 200 мың теңгесін жұмсағанын айтыпты. Ал, тартылған жылу құбыры 120 метрді құрайды екен.
«Біздің үйдің астынан жылуды қалай жүргізеді?», «Біздің рұқсатымызсыз олардың жылуды бізден алуға құқығы жоқ. Оның үстіне подвалдан жылудың трубаларын жүргізбек түгілі сырттан ешкім кіруіне болмайды, бұл не басынғаны?!» деп ашынады тұрғындар.
Дурыс ешкимнин кукыгы жок подвалга кирип оз арекеттерин жасауга.Жылу алатын трубаларын подвалдан тарткан биринши подьезден алтыншы подьезге дейин астымыздан.Болашакта трубалар тесиледи,су агады,буланады,подвал суга толады,маса пайда болады.Ал коскан мекеменин жумысы болмайды.Сол клиника подвалына бизди киргизедима екен? Сондыктан трубаларын алсын!
Тұрғындардың рұқсатынсыз қалай қосвп алады,бұлай жасауға жол бермейміз. Сотқа шағымданамыз, бұл қай басынғаны? Артық жылу құбырларын алып тастасын.ТЭЦ тен келген жауап хаттың мазмұнына қанағаттанбаймыз.
Бул зансыз тартылған жылу құбырларың 7а уйінің подвалынан шығарып басқа сыртынаң тартылсын. Біз турғындар осыны талап етеміз.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК (бұдан әрі – «ҚЖЭО» МКК) Қызылорда қаласы Шұғыла м/а №7А тұрғын үйіне баратын жылу құбырына қатысты төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ «Табиғи монополиялар туралы» Заңының №24 бабына сәйкес Қызылорда қаласы Бөкейхан көшесі №85 мекенжайы бойынша орналасқан «Космед» комплексінің нысанына ағымдағы жылдың 2 қыркүйектегі №1492 техникалық шарт берілген болатын. Техникалық шартқа сәйкес қосылу нүктесі аталған тұрғын үйдің элеваторлық торабына дейінгі жылу құбырынан көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану» қағидаларының 62 тармағына сәйкес «ПМИК немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлі тігіс бойынша анықталады» делінген, осыған орай, элеваторлық торабына дейінгі жылу құбыры «ҚЖЭО» МКК меншігінде екендігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Жұмыспен қамту жол картасы аясында «Қызылорда қаласындағы ЖК-15А-нан Шұғыла м/а №1А, 6А, 7А, 11А тұрғын үйлеріне дейінгі кварталаралық құбырларды, ысырмаларды және жылу жүйелернің қосалқы қондырғыларын ауыстыру» жобасына сәйкес Шұғыла м/а №7А тұрғын үйіне баратын жылу құбырына жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Тиісті есептемелерге сәйкес Шұғыла м/а №7А тұрғын үйіне және «Космед» комплексіне жылу жүктемесіне сай 108 мм құрайтын құбырлар жеткілікті болып отыр. Алайда, жоғырыда аталған жоба бойынша 159 мм құрайтын пенаполиуретандық қаптамалы жылу құбырлары салынған болатын. Бұл дегеніміз жылу құбырларында бос жылу жүктемесі болып отыр. Осыған орай, Шұғыла м/а №7А тұрғын үйіне және «Космед» комплексін жылу энергиясымен толығымен қамтамасыз ету кезінде проблемалық мәселе жоқ екендігін хабарлаймыз.
Сонымен қоса, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №211 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдану құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.
Мен осы үидің тұрғыны ретінде айтарым жылуды неге Бөкеихан көшесінен тартылған жылу құбырынан қоспаған қанша халықтың жүикесін тоздырмай жұмыстарыңның берекесі жоқ .
Подвалдан трубаларын алып уйдин артынан жургиссин деген талап коямыз,!!!!
ТЭЦ жауабына канағаттанбаймыз. КОСМЭД мекемесіне 7А домынан жылу беретын болса онше барлык касымыздагы жер уйлерге де центральный отопления жургессын. Бул не сумдык, укыметтын домынан мекемеге жылу не ушын жургызеды.? Бокейхан кошесынын алдында оздерынын центральный отоплениясынын кубыры тур сол жерден казып кыргыссын. Онай жерден алып кыргызбесын,Быздын домнын астынан отопления алмасын,быздын уйдын жылуы азайып калды сонда,,,,қақаған қыста тонып тургындар отырады ма?.Не ушын,быз жылуга акша толеп отырык жылуы жок уйдге, бар жылуыды КОСМЕД мекемесыне берып отыр ТЭЦ-тегылер
Космед клиникада мини газовый котельный бар,неге соны коспайды биздин подвалга кыстырылспай,астымыздан трубаларын жургизип жылу тартпай!Басшылардын не ойлаганы бар,калтасына акша туссе болды,Ол паракорлык!астымыздагы 120м жылу кубырын алып уйдин сыртынан жургизсин!Халыкка жагдай жасасын!60патердин халкынын жагдайын жасасын!!!ТЭЦ директоры Сатханов мырза тургындардга дурыс жауап бериниз!