Көрнекі сурет
Белкөл кентінде, Жаңа көшесінде тұрамын. Адам жүретін тратуар жоқ. Көліктер қатты жүреді, камера істемейді. Бір ақырзаманда өмір сүріп жатқандаймыз. Әкімшілікке барсаң, министрлікке барғандайсың. Халықтың жағдайын тыңдамаса, еш мәселені шешпесе, ол әкімшілік не үшін керек?
Спорт алаңы жоқ. Байқағаным мына шет ауылдардағы әкімшіліктерде тәртіпсіздік көп екен. Жоғарыдан қадағалау жоқ. 350 миллионға поликлиника салды, түк өзгеріс жоқ. Оның ішінде не қан тапсыра алмайсың, не узи жоқ. Баяғы медпункті көшіріп апара салды ғой деймін. Ешқандай апараты болмаса оны несіне салды, халық игілігіне пайдаланбаса не керегі бар?
Асем САМУРАТОВА,
Белкөл кентінің тұрғыны
Кызылорда каласында, Белкол кентинде жагдай оте нашар, су, свет жок жане 2 кабатты уйдин жагдайы оте мушкил, КОМЕК беретин аким, басшылык ЖОК!