Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аядай ғана ауылдағы айуандықты кім тоқтатады?

14.04.2023, 12:43 609

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты аулындағы  бір сыныпта екі оқушы келместің кемесіне мінген. Бұл туралы журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде жариялады.

«Көлсайдың кіре берісіндегі Саты ауылында екі оқушы көз жұмды. Екі күн бұрын 10 сыныптың баласын үлкен кластың оқушысы ұрып өлтірген. Осы ақпаратқа есеңгіреп отырғанда ауылдан таңатпай тағы қаралы хабар жетті. Дәл осы ауылдағы 10 сыныптың тағы бір оқушысы бүгін асылып өліпті. Айналасы екі күнде бір ауылдан, бір мектептен, бір сыныптан екі оқушы бақилық болды. Ата-аналарына сабыр берсін!»

«Бірінші өлімнен кейін ауылда жиналыс болып, тексеріс басталыпты. Тіпті мектептің завучын жұмыстан алып тастады деген ақпарат жетті. Өрімдей жастар өліп жатқанда завучты қуып жібергендері қызық екен? Меніңше мектеп директорнынан бастап, аудандық, облыстық білім бөлімінің басшыларын түгел жауапкершілікке тарту керек. Ауылдағы құқықтық тәртіпті қадағалай алмаған полицейлер мен идеологияға жауапты аудандық шенеуніктер де жазасыз қалмауы тиіс», – деп атап өтті.

Қалың көпшілік кінәлілерді аямай жазалауды сұрауда.

Еске сала кетейік, өткенде ғана Өскемен мен Қазалыдағы жасөспірімдердің жантүршігерлік жағдайы қоғамды бір сілкіндірген еді.



Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: