Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«100 мың теңге өндіріп алуға мәжбүрлеген». Дәрігерлер аурухананың бас дәрігерінің үстінен шағым түсірді

16.07.2023, 13:57 486

HALYQLINE.KZ

Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновке бас дәрігер Мүсілім Солтановтың үстінен шағым түсірген видеоүндеу жолдады.

Жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері Солтановтың келуімен емдеу мекемесінде күрделі жағдай қалыптасқанын, дәрігерлер мен медбикелердің үнемі қысымға ұшырайтынын, сөгіс пен айыптауларды еститінін, ескертусіз қатаң сөгіс алатынын айтқан. Тіпті, ұжымдағы мұндай жағдайдан кейін дәрігерлер мен медбикелер жұмыстан шығуға дайын екенін жеткізген.  

«Бүгін мен биыл ақпанда бізде емделген бала үшін маған және тәжірибесі бар инфекционист дәрігерге қатаң сөгіс берілгенін білдім, алайда бұған дейін бізге ол туралы айтылмады. Осы қызметте сегіз жыл жұмыс істеген директордың орынбасары 10 күн ішінде екі сөгіс алды.

Солтанов дәрігерлер мен медбикелерге дөрекі айғайлады. Бөлімшеде, тіпті реанимация бөлмесінде де айғайлар естілді. Науқастардың ата-анасынан түскен барлық шағым емдеу сапасына емес, ауруханада жату жағдайларына  және кадр тапшылығы, оның ішінде медбикелер тапшылығына байланысты болды. Солтанов уақтылы жуынбаған сегіз жасар науқастың әжесінің шағымынан кейін бес медбикенің әрқайсысынан 20 мың теңгеден, 100 мың теңге өндіріп алуға мәжбүрлеген.

Облыстық балалар ауруханасының бірде-бір бұрынғы бас дәрігері менің маман ретіндегі, орынбасарлық қызметіме шағымданбады. Аналар дәрігерлерді қарғап, ұрып-соққанда, ол бізді қорғаған жоқ, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болдық» – дейді шағымданушылар.

https://www.instagram.com/reel/CuuEh5-uDsp/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Үндеудің астындағы пікірлер екіге жарылып, көп тұрғындар бас дәрігердің жағына шыққан. Олар Солтановтың келіп, тәртіпке келтіруге кіріскенін, бірақ аурухана қызметкерлеріне ұнамайтынын жазады. Балалардың аналары емдеудің шарттары мен сапасына қатысты шағымдары ескерілмей жатып, жаңа бас дәрігер олардың өтініштері мен ескертулеріне жауап бере бастады дегенді айтады.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жайды тексеруге кіріскен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: