Ойладың ба? – Істе!, Істедің бе? – Ойланба!
Кеткенді – ұстама! Келетіннен – қателесіп қалма!
Жақсының жауы болған жақсы, жаманның досы болғанша.
Қарапайымдық – ұлы адамға тән.
Жоғарыға көтерілгісі келетін адам баспалдақ ойлап табады.
Күйеуі мен әйелі қол мен көз тәрізді болуы керек: қол ауырса – көз жылайды, көз жыласа – қол жасын сүртеді.
Алыс сапар да – жақын жолдан басталады.
Әдемі гүлдер – жеміс әкелмейді.
Тек қана жатқан адам – ешқашан сүрінбейді.
Бір жылы сөз – қыстың үш айын да жылы етеуі мүмкін.
Ақымақ пен есуасқа – арқашан жол бер!
Қолыңнан келгенше істе, ал қалған жағы тағдырдың жазғаны.
Күлкі шыққан үйге – бақыт келеді.
Күлімдеген жүзге – ауыр сөз айтуға болмайды.
Суық шай мен суық күрішке – шыдауға болады,
Суық көзқарас пен суық сөз – шыдау қиын.
Қалаған қыз – қабырғадан өтеді.
Сұрау – бір минуттық ұят, ал білмеу – өмірдің соңына дейін ұят.
Терең өзендер – дыбыссыз ағады.
Жапон даналығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!