БЕРУ КЕРЕК:
Үлкенге -сәлем, Қуантқанға – сүйінші, Қуанышқа – шашу, Соғымнан – сыбаға, Егіннен – кеусен, Малдан -көгендік, Балаға – базарлық, Киімге – байғазы, Сәбиге – көрімдік, Төркіндеген қызға – қалауын, Жаңа көршіге – ерулік, Досқа – естелік, Жетімге – қолқайыр, Мүсәпірге -садақа, Байлықтан – шүлен үлестіру, Тойға – сияпат, Жас үйленгендерді отқа шақыру, Жас босанған анаға- қалжа, Сағынғанға – сәлемдеме береміз.
СҰРАУ КЕРЕК:
Алладан – денсаулық. Пайғамбардан – шапағат, Қыдырдан – бата, Аңшыдан – сыралғы, Сырқат жанның – көңілін, Қарттың – қал-жағдайын, Жетімнің – жай-күйін, Саудың – амандығын, Ағайынның – бүтіндігін, Олжадан – тәбәрік, Қонақтан – бұйымтай.
ТІЛЕУ КЕРЕК:
Барға – тәубе, Жоққа – сабыр, Ауырға -төзім, Жақсылыққа – алғыс, Болашаққа – сенім, Жетістікке – шүкір, Өткенге – салауат, Қалғанға – береке, Басқа – амандық, Денге – саулық.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!