Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа жылда күн райы қандай болады?

01.01.2022, 11:00 331

HALYQLINE.KZ Синоптиктер Қазақстанда 30, 31 желтоқсан және 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қара теңіз аймақтарынан келетін ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді. Соған байланысты еліміздің басым аумағында жауын жаумайды, сондай-ақ солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста 35 градусқа дейін аяз болады.

«30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында, түнде солтүстік-шығыста қалың қар жауып, боран соғады. 31 желтоқсанда батыста, 1 қаңтарда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады», – делінген хабарламада.

Қазақстанда басым аймағына тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Республиканың оңтүстік-шығысында және шығысында жел екпіні секундына 23-28 метрге, Алматы облысы Алакөл ауданында жел екпіні секундына 30 метр жетеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: