Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқымқағар салтын білесіз бе?

02.07.2022, 17:00 890

HALYQLINE.KZ  Тоқымқағар – бала алғаш рет жолға шыққанда жасалатын басқосу. Алыс сапарға шығуға дайын болғанда отағасы ауылдың кісілерін шақырады. Ақсарбас сойылып, ақ дастарқан жайылады. Еттің таңдаулы мүшелері асылып, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Баланың жолға көңілі көтеріңкі болып шықсын әрі сапар жеңіл болсын деген ниетпен әдемі әзілдер айтылып, көңілді ән-күйлер орындалады.

Ақсақалдар балаға бата беріп, «Ақ жол», «Жол оң болсын» және т.б. ақжарма тілектерін айтып, шығарып салады. Бұл алыс сапарға аттанған баланың тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген ізгі ниеттен туған. Тоқымқағар ат жалын тартып мініп, қолына тізгінін ұстаған балаға үлкен жауапкершілік жүктейді. Тарланбозға өзі мініп, тұңғыш сапар жасайды. Қазақ көшпенді халық болған соң ол уақытта шалғай аймақтарға баратын.

Орта есеппен алғанда бала 8-10 жасқа келгенде алғашқы сапарға аттанып, жүздеген шақырымды өзі жалғыз жүреді. Сол себепті, бұл рәсімнің астарында еңбекқорлыққа баулу, жылқыны ер қанаты ретінде құрметтеу жатыр. Мінеки, осы кезден бастап ат жалын тартып мінген бала ғұмырының соңына дейін аттан түспеген. Бозбала сапардан оралған соң тағы да туған-туыс, көрші-қолаң шақырылып, дастархан жайылады. Мұны «тоқым қағар», «тоқым салар», «тоқым сілкер» деп те атайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: