HALYQLINE.KZ Сексеннен асқан қариядан біреулер:
– Көп жасадыңыз, дүниенің қызығы неде екен? – деп сұрайды. Сонда қарт:
– Е, сұрағандарың жөн, менде не қалды дейсің?!
Ет кетті, сүйек қалды,
Тіс кетті, иек қалды.
Алысқа көз жетпейді,
Қаттыға тіс өтпейді.
Көксауыр кебіс кидім,
Төрге шыққаны жоқ.
Сұлудың бетінен сүйдім,
Ерніме жұққаны жоқ.
Жақсы ат міндім,
Тақымға жұққаны жоқ.
Асылдан киім кидім,
Иығыма жұққаны жоқ.
Мына жалған өмірде
Ынтымақ пен татулықтан
асқаны жоқ.
Дүниеден тату-тәтті өту – ең бір ғанибет екен, – деген екен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!