HALYQLINE.KZ Шіркеу соты Галелео Галилейге «гелиоцентрлік» көзқарасынан бас тартқызу үшін соңғы мүмкіндік береді:
— Әй, Құдайдың күнәһар құлы! Өз пайымыңнан қайтпасаң Джордано Бруноны отқа өртегендей сені де тірілей өртейміз!
Сонда тізерлеп отырған Галилей:
— Мен өз ғылыми жаңалығымнан бас тартамын! Мені кешіріңіздер! — деді де, тұрып жатып:
— Бірақ, бәрібір Жер Күнді айналады ғой! — дейді күліп.
Әмір Темір елден ерек еш сұлулығы жоқ қызды нұсқап:
— Күллі Самарқан менің Ләйлімнің меңіне де татымайды — деген қызың осы ма?! — деді Хожа Хафизге.
Сонда ол:
— Менің көзіммен қараңыз, әміршім!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!