— Мен жиі кездесетін сөздерді ұнатамын. Мысалы, оксиморон. Мұның не екендігін білесің бе?
— Жоқ. Ол туралы ешқашан естімеппін.
— Оксиморон – қарама-қарсы екі сөзді байланыстыратын стильдік фигура. Мысалы, «құлақтұндырар үнсіздік», «ақ түн», «қышқылды тәтті». Оксиморондарды да ойлап таба алатыныңа сенімдімін.
— Қайғылы қуаныш? — деп ұсынып қалды Ким.
— «Ауыр бақыт» деу жөн шығар, — деп жауап берді Кассандра.
Ким ойын жинақтау үшін саусағын ерніне тақады.
— Енді мен… «тірі өлік».
— «Өткен болашақ».
— «Қорқынышты сұлулық».
Кассандра қысқа кідіре салып, күбірледі:
— Сен және мен.
— Не?
— Сен екеуміз ортақ ештеңеміз жоқ екі адамбыз, бірақ біз бірге уақыт өткізуге мүдделіміз. Біз — оксиморонбыз.
Бернард Вербер,
«Кассандра айнасы» шығармасынан
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!