Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның 18-20 тамыз аралығында қатты жауын болғалы тұр. Болжам бойынша, таяу күндері республиканың батыс, солтүстік, шығыс облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, яғни олармен жаңбыр жауады. 19-20 тамызда облыстың шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Ал, республиканың қалған бөлігінде ауа райының сипаты өзгермейді, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар, Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.
«Батыста ауа температурасы түнде +18…+26 градустан +12…+23 градусқа дейін, күндіз +30…+38 градустан +27…+35 градусқа дейін;
Оңтүстікте түнде +13…+20-дан 10…+17 градусқа дейін, күндіз +28…+33-тен +22…+28 градусқа дейін;
Республиканың оңтүстік-шығысында +12…+18-ден 8..+15 градусқа дейін, күндіз +25…+30-дан +18+23 градусқа дейін;
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында түнде +2…+10, күндіз +13…+18, оңтүстікте +23 градусқа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!