Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрлан Көбегенұлы: «Бір жыл «Халықпен» ауырдым»

21.07.2020, 11:40 1655

HALYQLINE.KZ

– Сізбен сұхбат алдында газеттің бірнеше жылғы тігінділерін қарап шыққан едім. Солардың ішінен газеттің ең алғашқы саны тым ерекшеленеді. Өйткені, ол – 20 жыл бойы тоқтаусыз өз оқырманына жол тартып келе жатқан басылымның бастамасы, іргетасы. «Алдыңғы арбаны» түзу жолға қоюда қаншалықты қиындықты бастан өткердіңіздер?

– Газеттің алғашқы нөмірі саған тым ерекше көрінсе, маған тым ыстық. Алғашқы нөмірдің жүгі бас редактордың орынбасары ретінде өзіме түскен соң газеттің бұл санын алғашқы шығармашылық ұжыммен екі апта дайындадық. Бір апта газеттің дизайнымен отырдық. Жаңаша ой, жаңаша стиль қалыптастыру, бұрын айтылып жүргенімен орындалмаған мәселелер және қозғалмаған тақырыптарды сыни тұрғыда көтеру, оқырманмен шынайы байланыста болу жолдарын іздестіру, жалпы алғанда газеттің атына сай халықтың сөзін сөйлеп, мәселені билікке жеткізіп, проблеманы жазып ғана қоймай, шешу жолдарын көрсетуді мақсат тұттық.

Сәбидің алғашқы нық қадам басқаны сияқты басылым да алғашқы нөмірінен бастап оқырманға ерекше көрінсе, әрі қарайғы жолымыз даңғыл болатынына сендім және сондай жауапкершілікпен жұмыс істедік. Бір жыл «Халықпен» ауырдым, кешкі уақытты кафеде емес, редакцияда өткіздім, махаббатты емес, мақаланы ойладым, басылымның аяғынан нық басып кетуін күттім. Шүкір, ойлағанымдай болды. Тоғыз жасына дейін қасынан табылдым.

Журналист, «Халық» газетінің түлегі

Нұрлан Көбегенұлымен болған сұхбаттан үзінді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: