HALYQLINE.KZ –| Өзбекстанның Сырдария облысындағы «Сардоба» су қоймасы бөгетінің бір бөлігі жарылып, су қоймасындағы су деңгейін төмендету үшін суды ағызу салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара маңындағы коллекторлары суға толтырылған болатын. Салдарынан Мақтаарал ауданының шекарасындағы коллектордан су төгіліп, 5 елді мекендегі 631 үйді су басқан еді.
Енді мына қызықты қараңыз. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Өргебас ауылында 194 үйді су басып кеткендігін қалың көпшілік жақсы біледі. Ал, ауылдағы мешітке су да тимепті. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде жүр. Сіз де назар салыңыз.
Фото авторы – Әділет Рахметолла
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!