Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдария тұрғыны полицейлерге алғыс айтты (Видео)

16.06.2020, 10:45 1242

HALYQLINE.KZ Сырдария ауданының тұрғыны қызылордалық полицейлерге үш жыл бұрын сиырын ұрлаған күдіктілерді құрықтағаны үшін алғысын білдірді.

Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен мал ұрлығының алдын алу, болдырмау және мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстап қылмыстық жауапкершілікке тарту бағытында аудан көлемінде 2020 жылдың маусым айының 08-12 күндері аралығында «Мал ұрлығы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Нәтижесінде үш жыл бұрын 2017 жылдың наурыз айының 17-сінен 18-іне қараған түні белгісіз біреулер бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру мақсатында Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылына қарасты «Қырық» деп аталатын учаскесінде ауыл тұрғынының өрісте жайылып жүрген құны 300 000 мың тенге тұратын 1 бас сиыр малын сойып алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Ағымдағы жылдың маусым айының 12-і күні келіп түскен ақпарат бойынша Сырдария ауданы Полиция бөлімімен атқарылған жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдіктілер ұсталып, олар жасаған қылмыстарын толығымен мойындады. Күдіктілерге қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша 18.03.2017 жылы ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын, қылмыстық іс жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз