Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер ролик дайындады (Видео)

17.08.2020, 18:00 825

HALYQLINE.KZ Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.

Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әртүрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында ата-аналардың бала қауіпсіздігіне назар аударып, күнделікті сақтық ережелерін үйретіп отыруларын сұрайды.

Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан, бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайды қарамайық. Ата-аналар балаларыңыздың зорлық-зомбылықтан сақтау үшін үйде және қоғамдық орындарда бейтаныс адамның сөзінен, іс-әрекетінен қорғану үшін сақтану ережесін үйретеуге, балалардың зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауына жол бермеу мақсатында «Сақтану» ережелерін балаға күнделікті үйретіп, олардан сұрау арқылы «Қауіпсіз балалық шақты» қамтамасыз ете аламыз.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз