Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Полицейлер мен тұрғындар неге жанжалдасты? (Видео)

19.07.2020, 9:26 988

HALYQLINE.KZ Кеше, яғни 18 шілде сағат 09:20 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына Сол жақ жағалауда орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде төбелес болғандығы жөнінде хабарлама түскен.

Хабарлама бойынша тексеру барысында екі кәмелетке толмағанның төбелескені анықталды.
Сол жерде олардың заңды өкілдері полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, жанжал шығарған.

Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабымен (билік өкіліне бағынбаушылық білдіру) әкімшілік хаттама рәсімделді.

Сонымен қатар, қоғамдық орында былапыт сөйлеген кәмелетке толмағанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылды.

Тағы да қосымша толық ақпарат алдағы уақытта.

Қызылорда қаласының әкімдігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз