Қызылорда облысында болған жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуылдан жалпы 18 ғимарат (атап айтқанда: облыстық, қалалық әкімдік, облыстық, қалалық Нұр-Отан, облыстық, қалалық сот, облыстық полиция департаменті, қалалық полиция басқармасы, Жергілікті полиция басқармасы, 6-стационарлық полиция пункі, Ломбард және т.б.) 147 автокөлік, (оның 119-ы – мемлекеттік автокөлік) зақымданып, 2 кәсіпкерлік нысаннан (М-Ломбард, Ақмерген аңшы дүкені) мүліктер ұрланды. Соның ішінде, Ішкі істер органында сақтауда тұрған қару-жарақтарды иемдену мақсатында қала орталығындағы полицияның 3 ғимаратына қарулы шабуыл жасалған. Бұдан бөлек, жаппай тәртіпсіздік барысында жалпы 210 адам, оныің ішінде 58 полиция қызметкері түрлі дене жарақатымен ауруханаларға көрінген.
Қақтығыстан кейінгі Қызылорда (Видео)
27.01.2022, 17:30 384
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!