HALYQLINE.KZ Ақын Абай Құнанбаевтың бейнесін кубик рубиктен құрап шыққан астаналық жігіттің аты-жөні — Тынысбек Бөпіштай. Небәрі 21 жаста.
Рас, рубик кубикті санаулы секундтардың ішінде құрастырып шығатындар аз емес. Ал, Абай портретін айнытпай құрап шыққан әзірге тек осы жігіт шығар. Портреттің ұзындығы — 1 метр, 60 сантиметр, ал ені — 1 метр.
Абай бейнесін жасауға 5 түсті 600 кубик пайдаланылған.
Күнтізбеге енген Абай күні құтты болсын!
Фото: Динара Киндербаева/Elorda Aqparat
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!