Бүгін – «Халық» газетінің туған күні
– Газетке «Халық» атын қою кімнің идеясы болды?
– Жаңа басылымға ат қоюда біраз ойластық. Бас редактор Аманжол Сақыпұлы ат қою жайын ортаға тастады. Мен: «Біз облыстан атауы да, көтерер мәселесі де ерекше газет шығарғалы отырмыз ғой. Оның үстіне, шындықты айтатын, әділдікті жақтайтын басылым болса дейміз. Ендеше жаңа газеттің атын «Әділет» деп қойсақ қайтеді?» деп, өзімше шапкасына «Әділет» деп жазған, қолдан сызған макетімді көрсеттім. Бас редактор «дұрыс екен» деді, басқа еш нәрсе айтпады. Сөйтсек, бас редактордың ойлағаны ішінде екен. Өзі көптен бері жаңа газет шығаруды ойлап жүргендіктен атауына да тоқталған секілді. Біздің ойымызды білгісі келсе керек. «Біз халық іздеп жүріп оқитын газет шығарайық. Сондықтан газеттің атын «Халық» деп қояйық» деді. Маған атаудың нақтылығы ұнады. Жаңа атаумен бір-бірімізді құттықтап, жұмысқа қызу кірісіп кеттік.
Журналист, «Халық» газетінің түлегі
Нұрлан Көбегенұлымен болған сұхбаттан үзінді
Сұхбаттың толық нұсқасын оқи отырыңыздар:
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!