Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бәсі жоғары басылымның интернеттегі игілігі

21.07.2022, 15:45 776

Бүгін – «Халық» газетінің туған күні

…2012  жылы газеттің интернет сайты ашыл­ды.­ Интернетті тиімді пайдалану, газеттердің интер­нет сайтын ашу жұмысының алғашқы шебінен­ көрінген басылым оқырманға «Ақжолтай хабар» деген айдармен жақсы жаңалықты жеткізеді: «Құрметті оқырман! Тәуелсіз «Халық» газеті қолыңызға тигелі, міне, он жылдан асты. Осы аралықта біз өзіңізге тұшымды ақпарат жеткізуге тырыстық. Турасын айтып, әділдікке жүгіну – әлі де айнымас мақсатымыз. Дүбірге толы дүниеде уақыт тауып, жазғанымызға зер салып отыратын оқырманға ризашылығымыз шексіз. Ардақты ағайын, жуырда ақпарат кеңіс­тігінде орны бөлек халықтық басылымның интер­нет сайты ашылды. Енді сіз бізді «halyk-gazeti.kz» мекен-жайынан таба аласыз. Дәл осы жерде саясаттан сыр ақтарып, күйбең тірші­лік­тің күрделі қырын сөз етіп, мәселенің мәнісіне үңілетін боламыз. Көңіл түкпіріндегі түйткілді талқыға салуға сіздің де мүмкіндігіңіз бар. Оқыңыз, ой қосыңыз», – деп сүйіншілеген жаңалық­  жылт  етті…

…Уақыт талабына сай телеарналар сандық хаба­р тарату режиміне көшіп, газет-журналдар жылдам хабар таратудың маңызды тетігін ойлас­тыра бастағанда «Халық» газеті де оқырмандарының қажетті дүниесіне оңай әрі сапалы, жылдам қол жеткізуі үшін осыдан 10 жыл бұрын жаңа сайтын іске қосса, басылымның 20 жылында «Halyqline.кz» сайты іске қосылды. 20 жылында да қарымды қаламымен елге танылып жүрген жас журналистер шоғырын қалыптастырған басылым оқырманын жылдан-жылға көбейтпесе, азайтқан жоқ…

Гүлмира ДІЛДАБЕКОВА,

журналист

Толығырақ:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: