Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ат тергеу дегеніміз не?

10.07.2022, 10:00 926

HALYQLINE.KZ Қазақтың   тағы   бір   дәс­түрі – ат тергеу. Бұл – жеңге­лерінің қайны­ларына, қайын­сіңлілеріне қойған аты, келіндердің ата-енесінің атын тура айтпай, тұспалдап айтуы. Жеңге­лері кіші қайын жұртын мыр­за жігіт, ерке қыз, сары қыз деп атаса, үлкен­дерді Сәке, Мәке деп құрметтеген.

Халық аузында бір келіншек Сырдария­дан су алмақшы болғанда, қасқыр жарып кеткен шалажансар қойды бауыздап үйіне әкеледі. Көргенді келін жағдайды ата-ене­сіне былай баян­дайды:

«Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыра­маны  ұлыма  жеп жатыр екен. Білемені  білемеге  білеп-білеп,  жанымамен маңы­ра­маны бауыздап әкелдім» дегендегі сарқырама – Қамысбай, сылдырама – Өзенбай, маңырама – Қойшыбай, ұлыма – Қасқырбай, білеме – Қайрақбай, жаныма Пышақбай деген қайнағаларының атын атамай, тұспалдап жеткізген. Әрине, бұл мысал көпшілікке жақсы таныс. Дей тұрғанымен, жоба­лап емес, нақты білуі үшін  қайталағанның  еш  әбестігі  жоқ.

«Халық» газетінде жарияланған мақаладан үзінді.

Толық нұсқасы:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: