Бүгін – «Халық» газетінің туған күні
…Алғашқы жылдары «Халық» – халықтың газеті» деген тақырыппен нөмір сайын бірінші бетте сурет жариялануы – басылымның жарыққа шыққан күннен бастап оқырманмен тығыз байланыс жасауға ұмтылысының дәлелі. Газеттің алғашқы жылдарында бас редактор Аманжол Сақыпұлы, бас редактор орынбасары Нұрлан Көбегенұлы, бөлім меңгерушілері Айгүл Нұртайқызы, Елубай Әуезов, Сабырхан Сейілбекұлы, Дәуіржан Елубаев, Айжан Абдуллаева, беттеуші дизейнерлер Руслан Оңғарбаев, Гүлмира Нұрмаханова, Зият Кәрібайұлы еңбек етті. Газет алғашқы нөмірінен 1700 данамен шықса, таралым апта сайын өсіп отырды.
«Халық» газетін шығару идеясы туралы басылымның негізін қалаған, сол жылдардағы «Халық» газеті» бас редакторы Аманжол Оңғарбаев бір сұхбатында былай дейді: «Біз «Халықты» шығарарда алдымызға халықтың арман-мақсатын қозғайтын Сыр өңірінде жақсы бір басылым қалыптастыруды мақсат еткенбіз. Көптің бірі болғымыз келген жоқ және соған талап қылдық. Шыны керек, 2000 жылдың 21 шілдесінде алғашқы нөмірді шығарғанымызда қалтамызда тек баспаханаға жететін ғана қаражат бар еді. Біз қайттік, «тәуекел ет те тас жұт» дейтін халықтың ұрпағымыз, жарық көрген жаңа газетті оқырманға тараттық, одан түскен пайдаға келесі нөмірді шығардық. Сөйтіп, бірте-бірте халықпен тығыз байланыс орнатып, нәтижесінде тиражымыз көбейе берді. Біз «ә» дегеннен басқалар секілді «пәлен демеушім бар», «түген нөмірге ақшамыз жетеді» демедік. Таза халықтың ықыласына жұмыс істедік» дейді…
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА,
журналист
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!