Ақтөбе облысы аумағында аударылған автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған, деп жазады inbusiness.kz.
Жол-көлік оқиғасы кеше, 7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болған.
«Жүргізуші Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған кезде Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылды. Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!