Ақтөбеде салынып жатқан нысандардың бірінен баланың денесі табылды, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше 9 маусымда Есет батыр тұрғын алабының №3 шағынауданы аумағында салынып жатқан нысандардың бірінен 12 жастағы жасөспірімнің денесі табылды.
«Қан жоғалту, бас, денесінің жоғары және төменгі бөлігіндегі жарақат» түрінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың денесі табылды, қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, балаға жануар шабуылдаған болуы мүмкін», – делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!