Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ күн райын қалай болжаған? (2-бөлім)

30.01.2021, 15:00 647

HALYQLINE.KZ 

6. ҚЫЗЫР ҚАМШЫСЫ

Сəуір айының орта кезінен аса бере алғаш найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жер бусанады, оңтүстікте жаздың жайлы күндері басталады. Осы сəттердегі найзағайдың жарқылын халық: «қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті» деп есептейді.

6. ТОБЫЛҒЫ ЖАРҒАН

Сəуірдің соңғы күндерінде 2-3 күнге созылатын суық жел соғады. Бұл – тобылғы бүршік жарды, яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастады деген сөз.

7. ҚЫЗЫЛ ЖҰМЫРТҚА

Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала (су) құстары балапанын шығара бастайды. Ел аузында «қызыл жұмыртқа» деп аталатын осы кездерде 1-2 күнге созылатын суық болады.

8. ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ

Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киіктің жаппай төлдеуі 2-3 күннен арыға созылмайды. Киіктің тағы бір айта кетерлік ерекше қасиеті – оның ешкісі кез келген құралайды емізіп, бауырына ала береді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмауы осыдан. Алла тағаланың құдіретімен киік төлдеген уақытта, қасқырлар ет жемейді.

9. ҮРКЕРДІҢ БАТУЫ

Маусым айының басында үркердің мүлде көрінбей кетуі. Кейде мұны үркердің жерге түсуі дейді. Осыдан кейін 40 күн шілде басталады. «Үркер жерге түспей жер қызбайды» дейді халық жұлдызшылары мен есепшілері.

10. ҚЫРЫҚ КҮН ШІЛДЕ

Маусым, шілде айында 40 күнге созылатын ыстық. Осы аптапты күндерге орай халық арасында «қырық күн шілде» деп аталатын санақтық атау пайда болған.

Танымдық материалдың 1-5 аралығы мына сілтемеде.

Жалғасы бар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: