Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 10 адам өрттен құтқарылды (Видео)

23.06.2020, 16:10 586 0

HALYQLINE.KZ​ 2020 жылдың 23 маусымында 11 сағат 15 минутта Қызылорда қаласы, мөлтек аудан Шұғыла 7 «а», 12 подъездік 5 қабатты тұрғын үйдің 10 подъездінде 3-ші қабатта №96 пәтердің ас бөлмесінде қысқатолқынды пеш, тоңазытқыш, кір жуғыш машинасын өрт шалды. Автосаты арқылы 7 адам эвакуацияланды, оның 2-еуі – бала, өрт автосатысы арқылы 4 қабаттан 10 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. Тілсіз жау 11 сағат 34 минутта сөндірілді.

Апаттар медицинасы орталығы бригадасы Облыстық медициналық орталыққа өртболған жерден көмір-қышқыл газбен уланудың жеңіл белгілерімен 4 адамды (оның 2-еуі – бала), «Жедел жәрдем» бригадасы 2 баланы Облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Құрбан болғандар жоқ. 

​Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен (14 қызметкер 4 техникасымен), «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда облысы филиалынан (3 қызметкер 1 техникамен), Жедел-жәрдем қызметінен (3 қызметкер 1 техникамен), Полиция департаментінен (4 қызметкер 1 техникамен), «ҚазТрансГазАймақ»АҚ-нан (2 қызметкер 1 техникамен), «Қызылорда электр тарату торабы» АҚ-нан (2 қызметкер 1 техникамен) жетіп, қызмет атқарды. Оқиға орнынан Қызылорда облысы ТЖД мамандары БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз