Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналист – жаңалықтың таразысы

25.06.2020, 17:20 907

Ойлары таза, тұнық тұмадайын,

Әр сөзі тасқа басқан сынадайын.

Журналист – жаңалықтың таразысы,

Айта алар қоғам жайлы сірә, пайым…

Қаламы – тіліп түсер наркескені,

Сөздері маржан ойлы һәм дестелі.

Халықтың көзі менен тілі сынды,

Алаштың сөзін сөйлер жанкешті ері!

Елеңдеп тұрар әрбір жаңалыққа,

Жетелер жетелі оймен даналыққа.

Журналист – қамқор болар қысылғанға,

Көпір боп халық – билік аралыққа.

Көңілге түйіп көзбен көргендерін,

Айшықты әсем сөзбен көркемдедің.

Мереке құтты болсын, әріптестер,

Ешқашан жығылмасын желкендерің.

Қарымды болып әр кез қаламдарың,

Адал бол сынағында ар-Алланың.

Халықтың мұңын мұңдап, сырлы сөзбен

Емдеңдер дертке толы ғалам жанын.

Біреуге сілтеніп сөз қамшылары,

Біреуге нұрын төгер жан шырағы.

Қаламың мұқалмасын еш уақытта,

Ақпарат, жаңалықтың жаршылары!!!

Алмат Ергешбайұлы,

журналист, ұстаз,

Алматы қаласы

Пікірлер:
  • Әлемдегі болып жатқан жағдайды жаныңа жылы жеткізетін журналистер кауымына ешқашан каламдарың мұқалмасын дегім келеді. Алмат терең ой мен мағыналы өлеңдерің жарық көре берсін

  • Керемет олен.Биздин Алмат агай терен магыналы,ойлы такырыпты козгаган. Журналистер жумысы киын.сонда да устаздарда онай Халык емес.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: