Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жетекші мектеп – білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы даму алаңы»

04.02.2020, 12:48 2516

Қазақстан Республикасы «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» Елбасымыз «Жаңартылған білім бағдарламаларын іске асыру – бүгінгі мектептің басты міндеті» деп көрсеткен.

Осы орайда, Арал қаласы Н.К.Крупская атындандағы №14 инновациялық мектеп-лицей 2015 жылдан бастап жетекші мектеп ретінде аудандағы алыс-жақын 15 магниттік мектептермен етене, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, «Самғау» қоғамдастығын құрды. Нәтижесінде магниттік мектептер желісі аясында педагог кадрлардың шығармашылық әлеуетін дамыту мен қатар өзара тәжірибе алмаса отырып, білім мазмұнының тың идеяларын жылдам іске асыруға жұмыс істеп келеді.

2020 жылдың 31 қаңтар айында жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №14 мектеп-лицей базысында 15 магниттік мектептердің қатысуымен «Әдістемелік қызметтің бір күні: Заманауи ұстаз, жаңаша формат, ұлы көш» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы және деңгейлік бағдарлама идеясы аясында магниттік мектептің педагог кадрлармен инновациялық әрекеттерді жүзеге асыру. «Самғау» қоғамдастығы жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында инновациялық технологияларды қолдану бойынша магниттік мектептермен тығыз байланыс жасай отырып, Жақсықылыш кенті №19 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Г.Ж.Серікбаева орыс тілінде оқитын 9-сынып оқушыларына қазақ тілінде «Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені» тақырыбында ашық сабақ, №14 мектеп-лицей бастауыш пән мұғалімі Э.К.Кунарова және физика пән мұғалімі Б.Б.Жүсіпова жаратылыстану пәні бойынша «Что такое теплопроводность» тақырыбында дуэт сабақ, 1-ші деңгейлі, география пәнінің мұғалімі С.К.Алеева «Структура мирового хозяйства» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен ашық сабақ, бастауыш пән мұғалімі А.М.Абдуллаева дүниетану пәнінен 2-сынып оқушыларымен «Государственные праздники Казахстана» тақырыбында ашық сабақ, 1-ші деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі Н.А.Кенжебаева, 3-ші деңгейлі К.Б.Махашева және М.М.Кайракбаева «Завершение присоединения Казахстана к России» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен ықшам сабақ, бастауыш пән мұғалімдері 2-ші деңгейлі Б.А.Қуанышбаева, К.Кадырова, 2-деңгейлі Л.И.Бугибаева математика пәні бойынша 1-сынып оқушыларымен «Верные и неверные» ықшам сабақтар жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары деңгейде өткізілді.

Педагог ұстаздарымыздың шығармашылығын шындау, ізденіс, білім қоржынын кеңейту, жаңартылған білім беру мазмұнын жаңашалап отыруда кедергілер, қиындықтар болдырмау мақсатында «Оқудағы кедергілерді анықтау» тақырыбында тренинг өткізіп, мұғалімдердің ойындағы кедергілер мен сабақ барысындағы кедергілерден шығу жолдары туралы пікір алмастық.

Семинар соңында 3-ші деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Қалдыбаева Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абайды оқы қымбаттым, Абаймен ғана қымбатсын» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырып, оқушылар ұлы Абайдың өмірін сомдап, өлең шумақтарынан үзінді оқып, әндерін шырқады.

Педагог кадрлардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай шаралар №14мектеп-лицей базасында жүйелі ұйымдастырылып келеді. Білім мазмұнын жаңғырту бағдарламасы аясында жетекші ұстаздар шеберлік сыныптарын, ықшам сабақтар, панорамалық сабақтар, семинар, коучингтер ұйымдастырып, магниттік мектептермен шеберліктерін әрдайым бөлісіп келеді.

№14 мектеп-лицей базасында алғаш Елбасымыздың бағдарламасын жүзеге асыруда аянбай еңбек етіп, жағартылған білім беру мазмұнын дамытуда әрқашан ізденісте жүретінін мақтанышпен айтуға болады.

Достықкүл Әбдіқалықова,

№83 орта мектептің 1-ші деңгейлі

мектеп тренері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: