Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жануарлар әлемі…

10.07.2024, 9:10 217

HALYQLINE.KZ

* Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды. Олардың өкпесі жоқ. Жұмысшы құмырсқалар 7 жылға дейін өмір сүреді, ал патшайым құмырсқалар 15 жылға дейін өмір сүреді…

* Егер кенгурудің құйрығы жерден ажыраса, ол секіре алмайды. Құйрық тепе-теңдікті сақтау үшін қолданылады…

* Мүйізтұмсықтың мұрнындағы мүйіз сүйектен немесе басқа заттан емес, қатайған шаштан тұрады…

* Құстар зәр шығармайды…

* Жарқанат – ұшатын жалғыз сүтқоректі. Аяқ сүйектері соншалықты жұқа, олар жүре алмайды. Үңгірден шыққан кезде тек солға бұрылады…

* Улы тарантула (бүйі) екі жыл бойы тамақсыз жүре алады…

* Жылан көздерін жұмса да, қабақтарымен көре алады…

* Полярлық аюдың жүні ақ, бірақ терісі қара…

* Қара шыбындар тек 2-3 апта өмір сүреді…

* Еркек масалар шақпайды. Тек ұрғашысы…

* Әлемдегі бір адамға бір миллион құмырсқа тиесілі…

* Әлемде бір адамға шамамен 200 миллион құрт-құмырсқа келеді…

* Улы сарышаянға бір тамшы спирт тамызсаң, ол «жынданып», өзін-өзі шағып өледі…

* Қолтырауын мен акулалар 100 жылға дейін өмір сүреді…

* Егеуқұйрықтар бәрінен тез өседі. 18 ай ішінде екі егеуқұйрықтың миллион туыстары бар бола алады…

* Бір шай қасық шырын шығару үшін бір ара 4000 гүлге «бару» керек. Араның екі асқазаны бар. Біреуі балға, екіншісі тамаққа арналған. Олар күлгін, жасыл және көк түстерді көреді, бірақ қызыл түстерді қара деп қабылдайды…

* Ақ акула 3 айға жуық тамақсыз жүре алады.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: