Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жан жарыңды еркелет…

01.01.2021, 12:00 1063

HALYQLINE.KZ

Саусағынан сүй, алақанынан… Төбеңе көтеріп жүр. Таң бозында, қас қарайғанда неткен сұлу едің дегенді айтыңыз… Көзіңізді аша салып оны көргіңіз келетінді айтыңыз. Сіздің құшағыңызда тұрса да, ол үшін күресті тоқтатпаңыз. Өзге жігіттерден қызғаныңыз, бірақ шын ықыласыңызды, шын пейіліңізді көрсетіп қызғаныңыз. Ол сізді таңдағаны үшін сіз оны қалай бағалайтыныңызды сезінсін, түсінсін. Ол үшін сізден басқа жігіт жоқ екенін айтқанына мерейі үстем болсын. Оған мейірімді болыңыз. Оның кішігірім білместігіне ренжімеңіз. Оны кешіріңіз. Тіпті ұрысқан кезде де одан бас тартпайтыныңызды білдіртіңіз. Бұл өте маңызды! Егер байқаусызда жанына жара салсаңыз, мойындаңыз. Жаны жаралы жанға сенің жүрегің бүтін, түк болмады деу ағаттық. Кешірім сұраңыз. Құшақтаңыз, жұбатыңыз. Ернінен өпкенде бар жамандық ұмытылады. Ол сіздің жаныңызда – қорғансыз балапан ғой. Бірақ өте қайсар мінезді балапан. Не нәрсені де дұрыс істемедің деп, оны қинап керек емес. Одан да ашық сөйлесіңіз, тыңдаңыз, оның ренішінің түп-тамырын білуге ұмтылыңыз. Оны түсінгенде ғана мәселе шешіледі. Кез келген уды жоятын дәрісі бар. Ол үшін удың қасиетін зерттейді. Адамзат баласы бүкіл улы жануарларды жойып жібермеді. Тек олардан қорғанудың амалын тапты. Олар бізбен бірге жер бетінде тіршілік етеді. Жанымызда қатар жүр… Әйелді де қинап, жанын өлтіріп, сезімін өшіріп, сабырлы етуге ұмтылу, бас игіш, көнбіс адам жасаудың пайдасы жоқ. Азаматтың азаматтығы жанындағы жарына табиғи болмысын бүлдірмей – ерке, көңілді, тұрақсыз, кейде тікенектей улы болуына рұқсат етуінен байқалады. Жарына өзін нәзік әйел сезінуіне мүмкіндік беріп, әрі оның уынан қорғана білер амал табады. Әйел өзін әйелге тән нәзік ұстаса, ерінің бойынан азаматтығы оянады. Әйел – ерке болған сайын ері – салмақты бола береді. Әйел – көңілді болған сайын ері – сабырлы, өзіне сенімді бола түседі. Әйелдің көңіл күйі неғұрлым құбылмалы болса, сіз – тұрақты, асқар таудай алып, уәдесіне берік адам бола түсесіз. Әйелдің тілі ащы, улы болса – құшағыңыз ашық, қолдауға дайын боласыз, оның уы сіз үшін улы емесін білесіз.

Осылайша бір-біріңізді мейлінше толықтырып тұрасыздар. Бір-біріне қарама-қайшы адамдар қатты тартылып, берік түйінмен байланады. Зайыбыңызды еркелеткен сайын, оның әлсіз болуына мүмкіндік қалдырған сайын оған да, өзіңізге де бұл қарым-қатынаста – азамат сіз екенін дәлелдегеніңіз болып шығады! 

Сіздің оған деген сезіміңіз – өзіңіз үшін әділ, яғни – сіз үшін бағалы, құнды, сондықтан ұрсып қалсаңыз да оны сүйе бересіз, одан бас тартпайсыз.

Вячеслав Прах,

Отрывок из книги «Женщины созданы, чтобы их…»

Аударған Шынар Әбілдә

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: