Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды

17.02.2025, 15:25 128

HALYQLINE.KZ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосуда аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Балалардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ оқу процесін цифрлық құралдармен, қазіргі заманғы білім беру технологияларымен қамтамасыз етеді. Өңірде ұлттық жоба аясында 6900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2700 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді.

Айта кетейік, өткен жылы аймақта 6 мектеп, ал 5 білім ордасына қосымша ғимарат салынып, Арал ауданы Тоқабай ауылындағы, Шиелі кентіндегі және осы ауданның Жансейіт ауылындағы апатты мектептердің мәселесі шешілді. Тағы 8 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды. Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты алдағы уақытта іске қосылады.

Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: